Сен тұр - мен айтайын!

Есі дұрыс адам қызға құда түсу үшін Жəнібекке келмейді

  • Есі дұрыс адам қызға құда түсу үшін Жəнібекке келмейді

    Есі дұрыс адам қызға құда түсу үшін Жəнібекке келмейді

Өкпем қара қазандай.

Кімге? Неге?

Жауабы жоқ сұрақтар...

Қазақ тілі туралы қанша жыл айтсақ, Орал-Жəнібек жолы жайлы сөз одан аз болмас, сірə.

Бірер сағатта ауданнан облыс орталығына келу - мендегі ми жетпейтін жайт. Қалай? Мүмкін емес қой! Біз үшін солай... Ондайды қабылдай алмаймыз. Облыс орталығы - арып-ашып, өліп-талып, сағаттап табжылмай отырып, жолсызбен сағынып, зарығып жететін жер. Біз үшін солай...

Жə, оны қойшы. Боран, тайғақ, сұмдық балшықты есептемегенде, жол сөмкеңізді сүйреп барғанда орын болмай қалса, таңданбаңыз. Студенттің нəн шабаданы сыймай қалу да - үйреншікті іс. Оны қойшы, көлік болса ғой. Мына күні нақты жолға шығамын деп жоспар құра алмайсыз. Жолда қанша уақыт жүретініңізді де дəл айта алмайсыз (Он бес сағатыңыз балшыққа батып тұрумен өтуі бек мүмкін).

Көлік жоқта жол бағасы аспандап кететінін қосыңыз. Ауылға баруға иөрт мезгіл де қолайсыз (бұрынғыдан сəл жақсарған)).

Үйіңе, ата-ана мен туған жерге деген сарғайған сағыныш құдай бере салған жолдың арқасында жоқ боп кетеді ғой, шіркін. Тыңдамайтын Төреғалидің əн кешіне армансыз қатысып, сөзін жаттап алуға жағдай жасалған)) (Əйтеуір қазақ тілді аудитория қалыптастырып жүр деген шүкіршілікке тоқтап, түрлі пəлсапа соғасыз. Маң далаға қарап ең кемі шемішке зауытын сап тастайсыз))

Студентке қиын бəрінен (пойызбен жүретін). Орал маңындағы аудандар сияқты билет уақытына сайлап сол күні үйден шығу дегенді ұмытыңыз. Жол жайын білесіз, бір күн бұрын қалаға кеп жатуға тиіссіз. Оқудан қайтарда тағы сол. Түсе сала көлік болса жақсы. Оның өзінде манағы иə өзіңе, иə сөмкеңе орын табыла қоюы қиын. Екі-үш күндік жолға қосылған туыстардың үйінде өткізетін күніңмен демалысың бітеді.

Жер түбінде орналасқанына қарамай жақсы көресің, қайтесің?! Ғашық адам кемшілік көрмейді деген осы шығар! - деуге бола ма?)

Пысы: Мааам, оңтүстікке кетіп қалады деп уайымдама. Оралға жетудің өзі - азап, есі дұрыс адам қызға құда түсу үшін Жəнібекке келмейді))


Жайнагүл Хамидолла

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1955    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.03.2018, 10:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Шілде, 17:43
    Өйткені, ол ОЛ ғой.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31