Сен тұр - мен айтайын!

Есі дұрыс емес ол ма, әлде біз бе?!

  • Есі дұрыс емес ол ма, әлде біз бе?!

    Есі дұрыс емес ол ма, әлде біз бе?!

Адам осыдан кедейленіп, ақшасыз қалса да "парковщикке" тиын-тебен тастап кету керек, ақшаң болмаса жылы сөзіңді бер.

"Көлігіме сен қарамасаң да жау алып кетпес еді" деп, білгішсінудің қажеті жоқ. Мейлі, заңсыз болса да, сол жүрісі.

Бір ғана нәрсе қақаған қыста аязға тоңып, шіліңгір шілдеде ыстыққа қақталып тұруды ол сүйгендіктен таңдаған жоқ. Мәжбүрлік. Бір минут та тұра алмайсың, орнында.

Бүгін бір мейрамханадан ас іштім. Асығыс қоя салғанмын, машинамды. Бір елпілдеп жүретін жігіт бар еді.

Кетерімде "қалған ақшаны ана балаға бере салыңыздаршы" деп, сыртты нұсқадым, андағы жүргендерге. Түсінді.

Сыртқа шықсам екі көлік қалыпты.

- Тиыныңды даяшыларға дайындап кеттім, алып шығып береді, қазір.

- Мм, рахмет әпке. Бірақ олар бермейді, бәрібір.

- Ай, береді! Бермесе, келесі келгенде көрерміз! (көлігіме кіргенше асығып тұрмын, күн суық қой кәдімгідей)

- Жарайды, әпке. Прост сіздің мәшинеңізді біреу сырып кете жаздады, крутой біреу екен, сіздікінің жанына қоямын деп... Сонымен төбелесе жаздадым, қойдырмадым, бірақ. Содан бері кетпей, қасында қарап тұрдым, сіз шыққанша. Сәл жолға шығарып қойыпсыз, келесіде мен көрсеткен жерге қойыңыз, жарай ма?

- Ойбой, жаным... Кешірші мені... Қазір... Сөмкемнен ақша алып бердім. Бәрін алуға қысылып тұр.

- Ал, ал жаным. Екі сағат бойы қақайып тұру оңай ма?! Мынадай қыста, күн болса батты...

Сөйтіп тұрғанда 20 минуттай өтіп кетті. Тоңып қалдым.

Содан шыдамай мейрамханаға қайта кірдім. Аналар тиынды ала сала жүгіріп келе жатыр, мені көре қалып.

Бала жайлы сұрағым келді. "Сәл есі дұрыс емес бала... Білмейміз тамақ та ішпейді, өзі" деді.

Ммм. Есі дұрыс емес ол ма, әлде біз бе?!

Солай дегім келді, аманатымды апарып бермеген баланың бетіне қарап...

Жан-жағымызға қарайлай жүрейік.


Алия Кудайбергенова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 448    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.11.2018, 11:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31