Сен тұр - мен айтайын!

Есеп-айырысу мақсатындағы ұрда-жық сынды қабылдай алмаймын!..

  • Есеп-айырысу мақсатындағы ұрда-жық сынды қабылдай алмаймын!..

    Есеп-айырысу мақсатындағы ұрда-жық сынды қабылдай алмаймын!..

СЫН ШЫН БОЛСЫН!..


Кейде кейбір шығармаларыңа оқырмандар сын айтып жатады. Қарапайым оқырмандардың ішінде де сауатты, білімді, әдеби шығармаларды тап басып тани алатын, көкірегінде көзі бар жандар жетерлік. Шынымен кемшілігіңді көрсетіп жатса, қуану керек қой деп ойлаймын. Өйткені келесі жазылар шығармаларда сол кемшіліктерді қайталамауға тырысасың ғой!.. Әйтпесе, бір кемшілікті он, тіпті жүз рет қайталауың мүмкін ғой! Бұл ең алдымен қаламгерге керек, аса пайдалы... Жазушыға ешуақытта тоқмейілсуге, менменсуге болмайды! Кез-келген суреткердің барлық шығармасы бірдей классика, шедевр бола бермейді... Орынды сыннан қортынды шығаруға ұмтылу керек!

Қаламгер өз кемшілігін көрмеуі, тіпті көре алмауы да мүмкін. Ал соны жанашыр біреу көрсетіп жатса, несі айып?! Ал біз оны жау тұтамыз... Қайта ондай адамға рахмет айту керек!.. Сондықтан сыни пікірлерге де түсіністікпен қарап, керегін ала білу керек-ау деймін! Өйткені, мінсіз тек Құдай ғана... Адам қолымен жасалғанның бәрінде кем-кетік болады... Ал есеп-айырысу мақсатындағы ұрда-жық сынды қабылдай алмаймын!..


Думан Рамазан

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 749    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.02.2018, 11:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30