Сен тұр - мен айтайын!

Еуропаның әйелдері, кемпірлері қандай бақытты!

  • Еуропаның әйелдері, кемпірлері қандай бақытты!

    Еуропаның әйелдері, кемпірлері қандай бақытты!

 Бір аптадан бері уатсапқа топырлап келген бейнекөріністерді ашуға, хабарламаны оқуға қорқамын. "Түнгі үште күйеуім тепкілеп, далаға қуып жіберді немесе ұлым мен келінім зейнетақымды тартып алып, жекіреп жаным қиналып кетті. Араша сұраймын. Көмектесіңізші!" Жылаған, шыбын жанына араша сұраған қазақ әйелдерінің жан-айқайын оқып, олардың құқығын кім қорғайды?


Олар қорлыққа неге шыдауы керек? Мен соны түсінбеймін. Жұбайын ұрып-соққан еркек неге жазаға тартылмайды?

Бір аптадан бері Польша, Испанияда азық-түлік, жүк арқалаған әйелді, жұбайына жекірген еркекті көрмедім.


Бүгін автобуста әйелді жігіт ұрып, тепкілеп жатыр. Телефонға бейтаныс біреу жіберіпті. Анау көріністі көріп , тағы бір шаншу жүрегімді тіліп өтті . Біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? Адамның құқығын сыйлауға, өркениетті елдер сияқты өмір сүруге қашан талпынамыз?


Бишара әйелге қорған болар еркектер төбелесті камера түсіріп мәз. Негізі осы көріністі жариялаған автор ҚР Қылмыстық кодексі бойынша жазалануы керек.


Екіншіден әлгі ұрғыш еркек неге жазаға тартылмайды?

Біреудің анасы, қарындасы, әпкесі, құдайым-ау қазақтың қызы емес пе?

Ұят, масқара.

Ал еуропаның әйелдері, кемпірлері қандай бақытты! Краков, Лодзь , Варшава, Малага, Фуэнхиролада қонақ үйлерде таңғы аста өзімді зейнеткерлер съезіне кіріп кеткендей сезіндім. Демалып , жиһанкезген қариялардың арасынан қазақ әйелін іздеген жоқпын.

 


.facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1375    Пікірлер: 0

сенбі, 07.07.2018, 18:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30