Сен тұр - мен айтайын!

Европаның, орыстың біз туралы тарихы осылай жазылады

  • Европаның, орыстың біз туралы тарихы осылай жазылады

    Европаның, орыстың біз туралы тарихы осылай жазылады

Атилла-Еділ патша жеңілген бе?


Өткенде жазып едім, ұмытпаған шығарсыздар. Барған сайын жадымда жатталған тарихи оқиғаларға деген көзқарасым өзгеріп келеді. Соның бірі Атилла-Этцель-Еділ патша аталып жүрген Ұлы Бабамыздың соңғы соғысы жайлы Европа және орыс ғалымдарының версиялары. Ғұндардың асыл тұяғы Еділ патша туралы жүздеген әдеби кітап, драмалық, трагадиялық шығармалар жазылды, сонша кино түсірілді. Өмірімен азды-көпті таныспыз.

Осылардың бәрінде дерлік Еділ патша 453 жылғы соңғы соғысында, бірде быт-шыт жеңіледі, екіншілерінде шегініп кетеді. Содан... Жеңген патша бүкіл Европа таласып жүрген ең сұлу, уыздай қызын жеңілген бейшара Еділ патшының қойнына салып береді. Бүкіл батысты табанына салған, барлығы қастасып, шамалары келсе тірідей терісін сыпыруға даяр Еділге "жаны ашыса" керек. Ертеңгісін Еділ төсегінде өлі табылады. Өлімі туралы да талай вариант айтылады. Ол өз алдына бір әңгіме.

Ал, енді, ойланыңызшы! Қандай ата жау қолына түскен қас дұшпанына сүйікті қызын береді. Бүкіл Европаға жеккөрінішті, дінсіз варварды төбесіне көтеріп, күйеу бала етеді? Адам сенер оқиға ма, осы? Еділ жеңілсе көзін ойып, басын кесіп, етін итке тастар еді. Сонда, жеңген патшаның мұнысы қай қылығы?

Жауабы оп-оңай!!! Еділ патша бүкіл жауын тағы да тас-талқан етіп, бар асылын тартып алған! Жеңілмеген, шегінбеген. Жеңген!!!

Амал не, соңында қалған ұлдары қырықпышақ болып, өзара қырқысып, Еділдің бар еңбегі зая кетті. Жеңісі бұрмаланып, жеңілдіге түсті.

Міне, Европаның, орыстың біз туралы тарихы осылай жазылады.


Камал Әбдірахман

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 869    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.02.2018, 12:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31