Сен тұр - мен айтайын!

Езіліп ұйықтап жата бергенімде точна ұсталып қалар едім

  • Езіліп ұйықтап жата бергенімде точна ұсталып қалар едім

    Езіліп ұйықтап жата бергенімде точна ұсталып қалар едім

Құрдас болған соң әзілің де, әнгімең де жарасады. Өткенде бір құрдасым

-Үйге қонақ болып келіп кетсеңші, үйдегінің де іші пысып жүр. Біраз отырып, өткен - кеткенді айтып әнгімелесейік - деген. Кеше сол құрдастың қонаққа шақырғаны есіме түсіп, екі кештің арасында ескертпестен үйіне жетіп бармаймын ба. Сыртқы қақпаны тоқылдатпастан өз үйім ұқсатып ауласына кіріп, үйінің есігін енді ашқаным сол, арғы жақтан әйелінің күйеуіне

- Сен біреумен жүріп жүрсің -деп ұрсып жатқанын естіп, не ішке кірерімді не кері қайтып кетерімді білмей ыңғайсызданып, бір орында состиып тұрып қалдым. Бір кезде әйелі долданды ғой деймін. Əлденеден сезіктенген адамдай

-Қазір сол әйелді тауып аламын - деп жұлынған күйі сыртқы есікке шығып келе жатты.

Мен ақымақ мына жерде не істеп тұрмын?

Қазір әйелі мені көрсе жаман ойлайтыны қах. Күйеуіммен кездесіп жүр деп күдіктенсе қайтпекпін?

Бұл жерден тезірек табанымды жалтыратайын- деп енді теріс бұрыла бергім сол, сыртқы есікке шығып үлгерген әйелі ту сыртымнан қарап тұрып, əй шай жоқ

- Сен кімсің? - дегені

Пысықтығым ұстап, көзіме қара көзілдірігімді тағып үлгердім. Очки тақсам танымай қалады-деп ойлағанмын ғой.

Осы мен шынымен неге қашып жүрмін - ей. Құрдас екеуміздің арамызда сіз- біздіктен басқа ештеңе жоқ. Әйелі Бағиланы да танимын. Тек жаман ойлап қалмасын- деген ой ғана.

Қойшы содан не керек Бағиланың бетіне қарамаған күйі зыттым. Ол қуып келеді. Енді ұстап алайын деп жатқанда оянып кетсем бола ма?.

Түсім екен!

-Сауап болды жеткізбей кеттім -деп өзімше мəзбін.

Егер езіліп ұйықтап жата бергенімде точна ұсталып қалар едім иә.


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 4452    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.09.2018, 10:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30