Сен тұр - мен айтайын!

Ғашықтықтың жөні осы екен деп, әкеңнен асып барып жігітке асылмайтын шығарсың?!

  • Ғашықтықтың жөні осы екен деп, әкеңнен асып барып жігітке асылмайтын шығарсың?!

    Ғашықтықтың жөні осы екен деп, әкеңнен асып барып жігітке асылмайтын шығарсың?!

Мақтауын асырған соң көріп едім...

Бізде барлық кинода қыздар аяғы ауыр боп қала беретініне басында ашуланатынбыз. Қазір ол шынайы өмірде кәдімгі үйреншікті құбылыс болып кетті. Келін алты айдан кейін босанбаса, біртүрлі қарау қалыпты жағдайға айналды.

Әңгіме соңғы шыққан "Сен болмасаң" бейнебаяны жайлы. Бала күнімізде қыз-жігіттің не екенін білмесек те, "екеумізге бір ғұмыр бере гөрші, Тәңірім" дейтін әдемі дауыс үшін Мейрамбек пен Сандуғаштың дуетін есіміз кетіп тыңдайтынбыз.

Жаңа орындау, әдемі сюжет, бәрі жақсы, тамаша еді, тек соңында көшіп бара жатып, ата-анасының көзінше жігітке жүгіріп жабысып, еңіреп жылап, кейін түк болмағандай қайтадан кете барғаны жалғыз маған ғана ұнамады ма? Иә, қазір 21 ғасыр, заман көшінен қалмау керек, бірақ оқиға қазіргі заманды суреттеп тұрған жоқ, тіпті солай болған күннің өзінде түріктің (баяғыдағы Бразилия мен Мексиканың да әсері бар шығар) сериалдарына тойып алып, ғашықтықтың жөні осы екен деп "ұят" дегенді шетке ысырып, әкеңнен асып барып жігітке асылмайтын шығарсың?!

Бірде өзге мемлекеттің Жазушылар Одағының төрағасы: "Сендерде ҰЛТ деген биіктік бар. Қазақ деген түсінікті шыңға шығарып, соған жету үшін талпынасыңдар. Сол қазақы өлшемге сай болуға ұмтыласыңдар", - деген.

Бірақ ол кісі бізде "ұят" дегенді естігісі келмейтіндер мен "қызыммен барлық тақырыпта еркін сөйлесемін" деп мақтанатын әкелердің барын білмейді. "Ұят, ұят деп қызды қырық жерден тыйғанымыз үшін қазір тастанды бала көп, азаматтық неке жайлы ашық айтпағанымыз үшін ажырасатындар көп, балаға қатты болған сайын ол өтірік айтуға бейім келеді" деген ақыл айтқыштар да қаптап кеткенін білмейді.

Иә, аталған бейнебаян көптің көңілінен шықты әрі бізде бұдан да сорақы, "өнер" деген атқа ие дүниелер барын да білемін. Жай сезімнен бұрын ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕні басты орынға қоя алмай келе жатқанымыз үшін күйіп кеттім...

Смотрите и наслаждайтесь! Сосын осынша оқушы қыз жүкті боп қалған деп сүйінші сұрап жарыса жазарсыздар.

Ешкімнің жеке басына тиісіп отырған жоқпын және жалғасының тезірек шығуын тағатсыздана күтемін. Әкесі мен шешесін таңдандырып, тамсандырған махаббаттың нәтижесі не болар екен.

Бірнеше ғасыр артта қалып қойған түсінігім үшін кешірім сұраймын!

Əлгі ағай айтқандай шынымен кез келген істе ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСқа сай дүние ғана шығаратын болғанымызда ғой...


Жайнагүл Хамидолла

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1438    Пікірлер: 0

жұма, 19.01.2018, 13:19

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
10 Сәуір, 09:42
Байғұс ағылшын-ай!

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31