Сен тұр - мен айтайын!

Халықты үркіту – сол ұлттық бірегейлікке, рухани жаңғыруға жасалған қастандық

  • Халықты үркіту – сол ұлттық бірегейлікке, рухани жаңғыруға жасалған қастандық

    Халықты үркіту – сол ұлттық бірегейлікке, рухани жаңғыруға жасалған қастандық

Тәуелсіздік күні Алматыдағы Республика алаңы маңынан өтіп бара жатып алаңның шарбақпен қоршалып тұрғанын, маңайды полиция көліктерінің көп тұрғанын байқадым.


Әлеуметтік желіні ашсаң, Тәуелсіздік монументіне гүл қоюға барып ұсталған азаматтарды көресің, ал теледидарды қоссаң, түрлі мемлекеттік наградалар алып, марапатталып жатқандардың бал-бұл жанған жүзі, одан қалса, ойын-сауық концерт, әзіл-оспақ. Диссонанс. Бұл – үш күн “тойланатын” Тәуелсіздік мерекесіндегі көрініс.


Және бұл – өкімет пен қоғамның арасының алшақтап бара жатқанының белгісі, қауіптен хабар беретін белгі.

Біріншіден, Тәуелсіздік – қастерлі ұғым. Ол тәуелсіздік жолындағы күрес, қантөгіс, құрбандықпен де, азаттыққа қол жеткен қуанышпен де байланысты болуы керек.


Ол кәрі-жастың, интеллигент пен жұмысшының, қалалық пен ауылдықтың, қазақ пен орыстың және басқа ұлттың басын қосатын, барлық Қазақстан халқын осы сезімдер аясында тоғыстыратын, елге деген мақтаныш пен ертеңге деген сенімнің символы болуы керек.


Үш күн демалыс – жұмыстан босап сенделіп жүру, я үйде көрпенің астында көміліп жату емес.


Ол – халықты жұмылдыратын, бір идеяға біріктіретін, патриоттық сезімін оятатын, қала берді рухани жаңғыртатын мүмкіндік.


Алаңға күзет қойып, Желтоқсанның әлдебір үрейіне бола тәуелсіздікті ұлықтап келген халықты үркіту – сол ұлттық бірегейлікке, рухани жаңғыруға жасалған қастандық. 


Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1075    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.12.2018, 12:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31