Сен тұр - мен айтайын!

ХХІ ғасырдағы ауылда қалай су құбыры, медпункт болмаған деп бастары қатқан көрінеді

  • ХХІ ғасырдағы ауылда қалай су құбыры, медпункт болмаған деп бастары қатқан көрінеді

    ХХІ ғасырдағы ауылда қалай су құбыры, медпункт болмаған деп бастары қатқан көрінеді

Баяғыда мектепте биология кабинетінде тастан қашап істелген адамның бастары тұратын. Пәлен мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар деп түсіндіретін. Тақ-тақ ойнаймыз деп окоп қазып жатқанбыз, сүйектер шықты. Біздің эрамызға дейін пәлен мың жыл бұрын өмір сүрген адамның сүйегі деп болжам жасадым. 4 оқитын ғалыммын ғой енді. Сөйтсем бірнеше жыл бұрын өліп қалған көрші үйдің көтерем қойының сүйегі екен.

2999-шы жыл екен. Археология дамыған заман ғой. Қазіргідей қолмен қазбайды. Не ішіп, не жегенімізді де айтып бере алады. Қазіргі пантеонды қазып жатып депутаттың сүйегін тауып апты. Әрі қарап бері қарап мынау өзі 40 жыл комада жатқан адам ба деп таңқалыпты. 80 жасында қайтыс болған 40 жыл мәжілісте отырған депутат қой. 40 жыл жатып алып арақ ішкенін анықтапты. Содан қара қазақтың сүйегі табылыпты. Ағзасын зерттеп тауық етімен ғана қоректенген адам деген қортындыға кепті. ЭКСПО ғимаратының қалдығын зерттеп сваркісіз қалай біріктіргеніне таңдай қағыпты. Қаланың үйлерін қалай цементсіз тұрғызып, асфальтты жердің бетіне асқан шеберлікпен биттің қабығындай етіп қалай төсегендеріне таңдай қаққан көрінеді. Ауылдың орнын тауып зерттеген ғой. Ешқандай су құбыры тартылмаған екен, медпункт жоқ екен. Шыңғыс хан дәуіріндегі қалаларда да су құбыры тартылған, 21-ші ғасырдағы ауылда қалай су құбыры, медпункт болмаған деп бастары қатқан көрінеді. Сол ауылдарға тартылған жол жоқ екен. Ірі қалалармен қалай байланысқан, әбедті ауылдан кешкі асты қаладан ішетін мобильді мемлекет еді деген ғой. Сонымен ғалымдар қазіргі Қазақстан жерінен ешқандай зауыт таппапты. Архивтегі деректе мыңдаған кәсіпорын ашылған деп жазылғанымен дамбал шығаратын кәсіпорын таппай дымдары құрып, шұлық шығаратын кәсіпорын таппай шақшадай бастары шарадай болған көрінеді. Шыңғыс ханның қабірі сияқты құпия салынған кәсіпорындар екен. Мыңдаған жылдар өтсе де қайда екенін ешкім таба алмай келе жатқан көрінеді.


Дәулет Серікбай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1153    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.05.2017, 10:14

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
10 Сәуір, 09:42
Байғұс ағылшын-ай!
3 Сәуір, 19:29
Бір қала - екі әлем.

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30