Сен тұр - мен айтайын!

Хиджап туралы нүкте

  • Хиджап туралы нүкте

    Хиджап туралы нүкте

Аура - арабша термин, көпшілік түрінде Әурет деп аталады. Мағынасы, адамның басқалардан жасыратын құпия орыны . Шариғатта Фиқһ әурет деп киіммен жабық тұратын дененің бөлігі айтылады. Әйелдің әуреті екі түрге бөлінеді :


1) Намаз кезінде.

2) Намаздан тыс кезде және намаздан тыс кездер бірнеше түрге бөлінеді.


Намаз кезінде әйелдің жүзі, қолынан басқа жердің барлығы жабық болуы міндетті.


Ханафи мазхабы бойынша әйел адамның туысқандарына байланысты ( әкесі, ағасы, ұлы, әке жағынан ағалары, ана жағынан ағасы, қайын атасы, немересі, күйеу баласы т.с.с ) әурет жері дененің кіндіктен тізеге дейінгі бөлігі болып табылады. Әйел адамның туысқандарына денесінің мына бөліктерін : бас, шаш, мойын, көкірек, иық, қолдары ( толық) және тізеден төмен аяқтарын көрсетуге рұқсат етілген.Олардың алдында дененің кіндіктен тізеге дейінгі бөлігін көрсетуге тиым салынған.


Шариғаттың бұл шешімі Нұр сүресінің аятына негізделген : Иман келтірген әйелдер зейнетті жерлерін туыстарынан басқа адамдарға көрсетпесін. ( 24:31). Намаз кезінде әйел адамның шашы толық жабық болуы керек, ал намаздан тыс кезде әйелдің шашының көрінгені айып емес және дәстүріміздегі бас киім үлгілерімен реттелген.


Сондықтан Салафи ағымы өкілдерінің : әйел адамның бір тал шашы көрінсе тозақы болады, - деген көзқарастары дұрыс емес.


Қазақ қыздарының бас киімі басқа халықтардыкіндей басты жылы ұстауымен қатар, қыздың отбасылық жағдайына нұсқайтын. Күйеуге тиген әйелдер тайпалық топтарға байланысты бас киімнің әр түрлі нұсқасын киетін, бірақ еліміздің барлық жерінде қыздардың бас киімі бірдей болатын.


Қалыңдық сәукелені тойға киіп, сонан кейінгі жылдары маңызды мерекелерге киетін болған. Байлардың отбасында сәукеленің темір әшекей тастарын алтыннан жасайтын.


Хиджаб , Никап, Паранджа қазақтың киімі емес, арабтардың дәстүрлі киімі, себебі ол жақтың табиғи ерекшелігі ауа райы қатты ыстық, құм суырылып желмен бетіне ұрудан қорғану үшін, жүзін жауып паранджа киген.


Қазақ елінің табиғат ерекшелігіне сәйкес өзіне жарасымды дәстүрлі киім үлгілері бар.


Максат Назаров, теолог - дінтанушы.

(Қысқартылып алынған) 


Айгүл Елшібаева

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 701    Пікірлер: 0

сенбі, 17.11.2018, 18:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қаңтар, 11:53
    Махаббат өлген...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31