Сен тұр - мен айтайын!

Иманғали Тасмағамбетов болса не істер еді?

  • Иманғали Тасмағамбетов болса не істер еді?

    Иманғали Тасмағамбетов болса не істер еді?

Иманғали Тасмағамбетов болса не істер еді?


Бес бірдей сәбидің өлімі есеңгіретіп тастады. Ойыма он шақты жыл бұрынғы үлкен қасірет түсіп отыр. Астаналық ер азамат сапарға кетіп қалғанында бүкіл отбасы-келіншегін, үш баласын қанішерлер өлтіріп кеткен еді. Танымайтын адамым. Сонда да болса мекен-жайын тауып алып, көңіл айтуға бардым. Кісі қарасы көп екен. Бір сәт Иманғали Тасмағанбетов бастаған топ келді. Жігітке қазақ салтымен көңіл айтты. Аза тұтқан азаматты Иманғали Тасмағанбетов те танымайды екен. Сонан соң жанындағы қызметкерлеріне қайғы жұтқан азаматты жүгіртпей жерлеу рәсімдерін түгелдей ұйымдастыруды тапсырды. Жұрттың көзінше қала ІІД бастығына оқиғаның анық-қанығын журналистерді жинап, жасырмай айтып беруді міндеттеді. Сол жерде білгеніміз-күдік осы үймен араласып жүрген кәріс жігітіне түсіпті.


Расында да, кешкісін ІІД журналистердің басын қосып, кәріс жігітті қылмысты мойындағынын жанында бір шешен жігіті болғанын, мұның Шешенстанға қашып үлгергенін хабарлады.


Әдетте шет елден қылмыстыны қайтару ұзаққа созылатын шаруа. бұл жолы ұзамай-ақ шешен жігітті Астанаға алып келгенін көрсетті. Тергеумен шұғылданған інішектерді танушы едім. Жай-жапсарын сұрадым. Еңбек Иманғалидікі екен. Шешен басшысы Рамазан Қадыровқа Имекеңнің өзі тікелей шығып, қылмыскерді ұстап беруді талап етіпті. Қашқынның кінәлі екеніне өзі кепіл болыпты. Рамазан "Сіз куәлікке жүрсеңіз, Сіз өтінсеңіз еш әңгіме жоқ" деп тығылып жатқан қанішерді ұстатып, бізге тапсырыпты.


Астанадағы бес сәбидің қасіреті осы оқиғаны еске түсірді. Салыстырып отырмын. Кім, қандай, өзі?


Камал Әбдірахман

Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 703    Пікірлер: 0

жұма, 08.02.2019, 11:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Ақпан, 10:24
    Біз өзі қызықпыз...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28