Сен тұр - мен айтайын!

Жақсы ананың тәрбиесін жарты әлем де бере алмайды

  • Жақсы ананың тәрбиесін жарты әлем де бере алмайды

    Жақсы ананың тәрбиесін жарты әлем де бере алмайды

Баяғы бір заманда Сокбон деген бала болыпты, оның әкесі ерте қайтыс болғандықтан шешесі жалғыз өсірген көрінеді. Жесір әйел күріштің ұнынан нан пісіріп сатып, соның нәпақасымен баласын асырапты. Әлемнің бәріне ортақ бір махаббат болса, ол ананың перзентіне деген махаббаты шығар, дәл осы махаббат сірә ұлт таңдамайды. Қорғанышынан қалса да, барлық қиындыққа, тағдырдың салғанына қайыспай, тек сол ұрпағы үшін ғана төзеді, қайырылмайды.

Біздің асылдардың көбінің ғұмырнамасындай, Сокбон да храмнан білім алады. Анасы оны сол кездегі ең жақсы білім деп есептелетін ортаға тапсырады. Кедей күй кешкен үйдің баласы Сокбонның алғашында байдың балаларындай емес, тіпті жазарға қағазы болмай, ағаштың жапырағына жазады. Ол Құдай жарылқағанда жақсы мұғалімге тап болады. Сокбонға көркем жазуды үйретеді, балаға ерекше ықыласы ауады. Ол өзіне өзі: «Мен бәрінен жақсы жазамын, осы түріммен шешемді асыраймын», – деп қиялдайды. Ай артынан ай, күн артынан күн өтіп, жыл жылжиды. Жазуы жақсарған сайын бала жырақтағы анасын сағынады. Артынып ауылына келеді. Келе анасына қатарының алды, мұғалімінің мақтанышы екенін айтады. Анасы ләм демейді, тек кеш батқанда барып тіл қатады: «Қазір мына майшамды өшіремін. Сен қаламыңды дайында. Сен үйренген әріптеріңді жазасың, мен ертең базарда сататын нанның қамырын кесемін. Кім жақсы істейтінін көреміз», – дейді. Шам өшеді, екеуі де жылдам іске кіріседі. Бір уақытта шам қайта жанады, Сокбон жазуына бір, шешесінің қамырына бір қарайды да қатты қызарады. Сонда шешесі: «Балам, жазуың әлі нашар екен, тағы оқып кел! Адам өмір бойы оқиды. Көзіңді жұмып, мына менің қамырымдай жазуды түзу, әдемі жазып үйреніп келе ғой, – деп, Сокбонды түн ішінде қалаға қайтарып жіберіпті. Бірақ анасы түні бойы аман-есен жітті ме екен деп алаңдап шығады.

Сонда барып бала үйренген іс, ілімді өз өмірінде пайдаға асырғанда ғана ғұмырына азық болатынын ұғады. Сол Сокбон елді бастап, қоғамын алға сүйреген, кедейден шыққан Корей елінің көшбасшысы болып тарихта қалған екен.

Атадан қалған мен ұнататын бір сөз бар: «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» дейтін. Сол сөзді тағы бір тармақпен толықтырғым келеді: «Жақсы ананың тәрбиесін жарты әлем де бере алмайды». Қазақтың неліктен ұлы үшін шашбаулыға сырға тағатынын түсінгендеймін. Әсілі олар қыз да қарамаған, ойды саралап жүріп, елді аралап жүріп ұрпағының тәрбиешісін таңдаған екен ғой...

«Бәрімізді таңдандыратын бір нәрсе: тарих білетін ұлы адамдардың көбісінің тамаша аналары болған» – Генри Бокль, ағылшын тарихшысы.


Айдана Шотбайқызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1036    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.01.2018, 12:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 09:42
    Байғұс ағылшын-ай!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31