Сен тұр - мен айтайын!

Жаңа піскен ыстық нанды жеуге болмайды дегенді естігенде шалқамнан түсе жаздадым

  • Жаңа піскен ыстық нанды жеуге болмайды дегенді естігенде шалқамнан түсе жаздадым

    Жаңа піскен ыстық нанды жеуге болмайды дегенді естігенде шалқамнан түсе жаздадым

Бүгін Қазақ радиосынан бір жақсы хабар тыңдадым. Журналист Өсімдік өнімдерін қайта өңдеу ғылыми зерттеу институтының ғалымдарымен сұқбат жүргізді. Институттың атауынан біліп отырған боларсыздар қандай мəселе көтерілгенін.

Маңызды жайлардан хабардар болдым. Нан екеш нанның да адам ағзасына зиянды жақтары айтылды. Жə, оны қойшы, бұл - белгілі жай. Мынаған не дерсің? Ғалымның аузынан жаңа піскен ыстық нанды жеуге болмайды дегенді естігенде шалқамнан түсе жаздадым:) Кем дегенде бес-алты сағат суытып барып жеу керек екен. Кеше пісірілген нан болса тіптен жақсы. Біз дегенің керісінше ыстық нанды жақсы көреміз емес пе? Бала күнімізде жаңа піскен көмбеш нанға сары майды жағып тұрып бұрамайлап соғып алатынбыз:) Қазақтың "мыжыма" деген əуес тағамы бар. Ыстық көмбеш нанды сары маймен араластыра мыжып-мыжып дастарханға қоя салғанда сілекейің шұбыртып жүре береді.

Өзіміз таңертеңгісін нанды тостерге қақтап жейміз, əуелдем!)

Орыстардың "век живи, век учись" дейтіні осындайда айтылады екен ғой:) Негізгі тағамы нан, қант, шəй, май болып келетін ауыл адамдары қалай аман жүр екен деймін?

Бидайдан бензин шығарады дегенді естуім бар, бірақ қант алатынын білмеппін. Қантты бидайдан ғана емес көптеген дəнді дақылдардан да алады екен. Қытайлардың кəріз суынан сұйық май шығарып жатқанына қарағанда биотехнология қарыштап дамыған мына заманда ешнəрсеге таңдануға болмас:) Қазақстан ғалымдары да қарап қалмапты. Өсімдік өнімдерін өңдеу арқылы сапалы тағам өнімдерін шығару жолында зерттеу жұмыстарып жүргізіп жатыр екен. Жүгеріден қант өндіруді жолға қойып та үлгеріпті. Таяу жылдарда осы əдіспен отандық балалар тағамдарын өндірмек. Қала берді бүткіл қазақстандықтардың салауатты тамақтануына жол ашылатын көрінеді. Бұл өте маңызды мəселе. Адам тағамнан ауырып, тағаммен емделеді. Ал дүкен сөрелерінде шығу тегі күмəнді шетел өнімдері самсап тұр.

Жақсы хабар. Көңілге жылу ұялатады. Журналистің хабарды жүргізу əдісі ұнады. Сұрақтары нақты. Шешенсіген де жоқ, білгірсіп көсемсіген де жоқ. Қарапайым. Түсінікті. Қысқа.

Өкінішке қарай жүргізушінің есімін біле алмай қалдым. Хабардың басында ма, аяғында ма, айта кеткенде болатын ба еді. Жарайды, ештеңе етпес.

Ең бастысы - хабардың маңызы.


Гүлмәрия Барманбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1644    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.11.2018, 20:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31