Сен тұр - мен айтайын!

Жас қыздарға шетелдіктердің бәрі «жұмақта» өмір сүретіндей көрінеді

  • Жас қыздарға шетелдіктердің бәрі «жұмақта» өмір сүретіндей көрінеді

    Жас қыздарға шетелдіктердің бәрі «жұмақта» өмір сүретіндей көрінеді

Қазақтың қыздары неге шетелдіктерге тұрмысқа шығуға ұмтылады деген сауалдың жауабын өзімше былай топшылаймын.

Себеп көп. Тағдыр айдап, ала дорба арқалаған өтпелі кезеңде шетелге жұмыс іздеп барып, жергілікті ұлт өкілдерімен көңіл жарастырып біражола қалып қойған қыздар бар. Оқу білім іздеп барып қалып қалғандар бар. Бұлардың жөні бөлек. Негізінде қыз баланы шетте оқытудың қаупі де осында. Оқытпайын десең елдегі білім сапасының сиқы анау.

Ал енді, дәп қазіргі уақыттағы қыздардың шетелдіктер етегінен ұстап қалуға жанталаса ұмтылысының себебі мүлдем басқа сияқты.

1. Біреудің қаңсығы - біреуге таңсық.

2. Қолда бар алтынның қадірі жоқ.

3. Болған сайын бола түссем деген ашкөздік. (Бұл ауқатты отбасылардың қыздарына тән көрініс).

4. Өзгенікіне деген әуестік.

Бір жолы болса да шетелдің дәмін татып көрген қыздар өз еліміздегі әлеуметтік тапшылықтың тауқыметін тартқысы келмейді. Ондағылардың бәрі "жұмақта" өмір сүретіндей көрінеді. Бәрін кинодағыдай елестетеді. Нағыз жанталас шетелде екенінен бейхабар. Шымылдықтың ар жағында басқа өмір барын пайымдауға өмірлік тәжірибелері жетпейді.

Ал шетелге шығып көрмегендер бөтен жұрттың жігітімен тұрмыс құру арқылы шетелдегі "жұмаққа" ұмтылады. Онда "жұмақ" бар ма, жоқ па деген сұраққа тереңдей бермейді. Рас, шетелде (онда да дамыған елдерде ғана) адам қызығарлық көріністер баршылық, бірақ бір көріп қайту үшін ғана. Ата бабаңның рухы сіңген, табанының табы қалған топыраққа жетері жоқ. Өлсең, көрің дайын. Басқа жұртта күлің ғана қалады.

Жас қыздар осының байыбына бара берер деймісің.


Гүлмәрия Барманбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 758    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.06.2018, 08:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30