Сен тұр - мен айтайын!

Жастар жылы шоуларға ақша құртпай, жас аналарға қолдау білдірейікші

  • Жастар жылы шоуларға ақша құртпай, жас аналарға қолдау білдірейікші

    Жастар жылы шоуларға ақша құртпай, жас аналарға қолдау білдірейікші

Жұмыста отырған жерімнен үлкен ұлымның мұғалімі шақырып алды. Ұлыңыздың қолында көп ақша жүр. Қайдан алды екен?


Үйге келген соң баламды бас- көз демей ұрайын. Ашуға булығып, қайдан алдың дей беремін.

Үрім-бұтағымызда қолы суық адам жоқ еді. Мойында. Әйтпесе қолыңды шабамын!

Жыламсырап тұрған ұл, күнде бір нәрсе алып жерсің деп берген ақшаларды жинап жүргенін айтты. Сонда да сенбей тағы да үстінен төне түсемін.


Үй сатып әпергІм келдІ .Жаман үйде қашанғы тұрамыз? -дегенде жүрегім қарс айырылды.


Мен де бүгінгі күнге дейін құлағалы тұрған лашықта он жыл бойы өмір сүріп келдім. Ешкімге алақан жайған жоқпын , ешкімнің есігінен қараған жоқпын . Күйеуімнің денсаулығы жарамсыз. Бір күн сау, бір күн ауру. Балаларымызды тастап, екеуміз де шамамыздың жеткенінше жұмыс істеп жүрміз. Жұмыс і стемесең тағы болмайды. Мемлекеттің төрт балаға беретін 10 мың теңгесімен қайсысының жыртығын жамайсың . Мен тұрған сол ескі үйден талай рет өрт шығып, оны жедел өшірудің арқасында аман қалды. Ескі үйден шығатын жағымсыз иіс пен сан түрлі жәндіктермен алысып, он жыл бойы қарсы беттегі автомойкадан су , қырдан газ балон тасып гүлдей өмірімнің быт -шыты шықты. Өзім де ауру болдым. Сонда да Аллама шүкіршілік айтып,


Жыртық үйдің де құдайы бар ғой деуші едім. Әкімдікке барып үй сұра дегендерге ренжіп, тіпті солардың алдына баруды ар санап, қаншама жылым қиыншылықпен өтіп кетіпті. Көмек қолын созады дейтіндей, ата-енем кәрі, өз әке - шешем давно светі жоқ ауылға кеткен. Ағаларымның өз отбасы бар.


Көңілсіз күйімді көргендер қол шошайтып келеке етіп күлді-ау(((

Жап-жас болып, кексе қатынның әнгімесін айтасың дейтіндері де бар. Мейлі айта берсін. Мен өз арбамды өзім сүйреп жүрген адаммын.


Міне уақыт өте келе, "Жылмаған балаға емшек жоқ"екенін ұқтым. Аудан әкіміне кіріп жағдайымды түсіндірдім. Деген де мен де аудан жаңалығын жалпыға жеткізіп жүрген жандардың бірі емеспін бе?

Әкіміміз иманды екен!


Түсіністік танытып, бір сөзге келместен, мемлекеттік қызметкерлер тұратын қызметтік пәтерден уақытша жай берді. Енді бұл жерде қанша тұратынымыз Аллаға аян!.


Кешегі мерт болған балапандардың суретін көрген сайын өзегім өртене береді. Құдай-ай өз қолы өз ауызына жетіп тҰрса, қай ата-ана перзентін тастап, жұмыс істер еді? Осылай боларын білді ме?


Қайран үкімет-ай. Қашанғы қара халық жапа шегу керек?


Бір тиынды, бір тиынға қоса алмай жүргенде жығылған үстіне жұдырық болды-ау.


Биылғы жыл Жастар жылы. Осы жылы болмайтын шоуларға ақша құртпай, көп балалы жас аналарға көбірек қолдау білдірейікші Алла разы болсын! 


Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан


Көрілген: 398    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.02.2019, 18:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Ақпан, 10:24
    Біз өзі қызықпыз...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28