Сен тұр - мен айтайын!

Жауап берушінің көзіндегі мұң жанына батпаған журналист көрсоқыр

  • Жауап берушінің көзіндегі мұң жанына батпаған журналист көрсоқыр

    Жауап берушінің көзіндегі мұң жанына батпаған журналист көрсоқыр

Телеарна - айна, тәрбиенің тамыры. Ал айна қисық болса кімге өкпелейсің?!

Танымал адамды тұтқиылдан тосып тұрып, тағдырына тап беріп, орынсыз сұрақ қойып, оспадар қылық танытқан қылықсызды кім дейміз? "Сізді күйеуімен ажырасыпты деген қауесет естіп едік. Жеке өміріңіз туралы айтып беріңізші, неге ажырастыңыз?"

деп бөсіп тұрған - бет қалыңдығы бес гектір сорлыны бес ит таласа, бесеуі де арам қататын шығар. Мұндай зымиян, жымысқы сұрақты қоюға, әсіресе, қазақ қыздарының қалай ғана дәті барады?!

Өзі өмірінде қателеспейтініне сенімді ме?! Алланың добына айналған өз басының қай сайдан домалап шығарына кім кепілдік береді?! Мұндай сұрақ қоюына не ықпал етті? Әлде бұл көрерменнің сұранысынан туындаған сасықтық па? Неге арзандап кеттің екен, адамзат?!

Түсінемін, егер танымал тұлға алдын ала тілшімен келісіп, орынсыз сұрағын қоя беруіне рұқсат етіп, жылы шырай танытса. Ал жолын тосып, тұтқиылдан тап беріп, әлгіндей жеке басына қатысты сұрағын қойып, жауап беруден бас тартқанын көре тұра, соңынан қуа жөнеліп, "жауап бергісі келмеді" деп экранға бөскенін расында өзіне мәртебе санай ма?! Сары сапалақ бас қыз сонша шүйлігердей әлдекімнің тағдырында не шаруасы бар? Әлде, әлгі онсыз да қоғамнан қысылып жүрген бақытсыз бейшараны жерге тыққаннан ләззәт алуға бола ма? Жоқ, меніңше бұл көрсоқырлық! Жауап берушінің көзіндегі мұң жанына батпаған журналист рас, КӨРСОҚЫР деп ойлаймын. Әлде, мазақтап тұр ма?

Сасық пікірдің ұяшығына айналған теледидардың экраны осындай ұсқынсыз сұраққа толып бара жатыр. Онда әлгі әркімнің "тағдырымен-ойнас" тілшіні қолтығы қолаңсы сасып, құйрығына қатқан нәжісін жуа алмай жүрген біреуге теңедім.Мұндай сұрақты тосыннан рұқсатсыз қоюға көтенін шәпектеп тұрып эфирден өткізген балықбас басшыға түкіргенім бар!

Осындай сюрприз сұрақ заңға қаншалықты қайшы?!

Сіздің жеке басыңызға қатысты әлдебір жараңыздың аузын, кір толы тырнағымен тырнап, жаныңызды ауыртып, жағымсыз сұрақ қойса, қалай қарайсыз?


Куралай Сейсенбеккызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 587    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.10.2018, 11:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31