Сен тұр - мен айтайын!

Жауыз боп барамыз. Сәл кемшілігі барды жерлеуге асығамыз. Жүндей түтеміз...

  • Жауыз боп барамыз. Сәл кемшілігі барды жерлеуге асығамыз. Жүндей түтеміз...

    Жауыз боп барамыз. Сәл кемшілігі барды жерлеуге асығамыз. Жүндей түтеміз...

ЭТА НЕ НАША ЗАБОТА!


Түнде, қонақтықтан кеш келдім. Үйдің жанындағы мәгәзін кейде таңға қол сиятын тесік ашып, сауда жасайтыны еске түсіп, темекі үшін барып едім, жабық тұр. Қайта бұрылып келе жатқам, бірдеме "қор" ете қалды! Алғашында ит екен деп шошыдым. Бірақ итке ұқсамайды. Мәгәзінге барар жолдағы көрші үйдің подъезінің алдында біреу қорылдап жатыр. Күннің суығы мынау, мынау не жатыс? Телефонның фонарын қосып қарадым. Ішкен шитөшкесі мен коласы жанында ұйқыны басып жатыр. Әрі-бері нұқып, дауыстағанға мыңқ етпеді. Үйге қарай беттедім. "Суық күнде қатып қалады ау" - деген ойдан тоқтап, полицияға хабарладым. Трубканы қыз бала көтеріп, қабылдады айтқанымд. Кете беруге болар еді, "Мілітсә келгенше тұра тұрайыншы" - деп шештім. Әлгінің жанына қайта келсем, үн жоқ! "Жаңағы қорылы жан тапсыру болмасын" - деп, келіп, тағы да үңілдім. Бұл жолы жарықпен анықтап қарадым. Сеспей жатыр. Дем де жоқ сияқты. "Обал-ай, тынған екен!" - дедім іштей. "Сіз көргенде қалай жатыр еді?" - деп сұрап қалар деген ой келді. Есалаң ой сарт ете қалғанда суретке түсірдім. Сосын қайтадан келіп, ары-бері ырғап көріп едім, әлгім:

- Отиямат! Б. апждшщк ждлр , апқжролфдло ! - дегендерін жіберді маған. Өзімді боқтағанға қуанғаным тұңғыш рет шығар! Тірі екен! Кішкене басын көтеріп жатқызайын, мүмкін оянар деп, қозғамақ болып едім, әлім келмеді. Сәл әріректен бір жігіт өтіп барады екен. Оны тоқтатып, "Мынаны тұрғызайық, өліп қалар" - деп едім, алдымен менің сайқымазақ әртіс екенімді танып, ыржиды да "Аға, асығыс едім" - деп, кетіп қалды. Сол кезде анау жатқан подъездге екі адам беттеп келеді. Ерлі-зайыптылар болса керек, күйеуіне айтып едім "Эта нам не касается!" - деп, тура сол есікке кірді де кетті! "Қой, мына елден қайран жоқ, көшеден жарқ-жұрқ етіп полиция ары-бері өтіп жатушы еді ғой, тоқтатайын " - деп жол бойына шықтым. Қайдағы... Полиция менің хабарымнан кейін 23 минутта келді. 23 ғасыр өткендей болды. Өзіміздің қара домалақ жігіттер екен. Олар келіп, оятып көріп еді, әлгі бірден басын көтерді! "Жігіттер, алып кетіңдер, құдайдың жаратқан пендесі ғой, далада қатып қалар" - дедім, оянса тастап кетер деген жаман ой келді ғой, өйткені. "Иә аға, тастамаймыз, алып кетеміз, Сізге рахмет" - әлгіні алып жөнелді.

Ояна сала анау:

- Жігіттер, темекілерің бар ма? - деді. Күліп жібердім. Күлкім ызаның әлде күйініштің күлкісі сияқты болды.

Мақтанайын деп, не мақтасын деп жазып отырғам жоқ. Жауыз боп барамыз. Сәл кемшілігі барды жерлеуге асығамыз. Жүндей түтеміз... Мынаның кемшілігі БОМЖ болғандығы. Сау жүрсе мен де алыс жүрер едім одан. Жақтырмас едім. Бірақ тірі пенденің көз алдыңда қатып қалуына себеп болған қандай жаман!...

Қысқасы, ЧЬЯ ЭТА ЗАБОТА? Соны айтыңдаршы.


Асқар Наймантаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1185    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 13.02.2018, 12:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қаңтар, 13:04
    Ұлтқа қарсы пост

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28