Сен тұр - мен айтайын!

Жазықсыз жәбірленушінің жүрегін жаншитындай уағыз мәселесін абайлау керек-ау?

  • Жазықсыз жәбірленушінің жүрегін жаншитындай уағыз мәселесін абайлау керек-ау?

    Жазықсыз жәбірленушінің жүрегін жаншитындай уағыз мәселесін абайлау керек-ау?

"Өлеңнің естісі бар, есері бар" дегенді, дін саласындағы кейіне айтқың кеп кетеді екен?! Ораза күндері бір сыйлас құрбым; "Бауырымен сыйласпаған жанның тұтқан оразасы, қанды ірің ішкенмен бірдей" деген хадисті оқыдым. Енді қайттім?! - деп, жыларман болсын?! Құрбымның ағасы мен жеңгесін жақсы білемін. Жеңгесінің мықтылығы сонша, жалғыз ағасымен қарындасын араластырмай, есігінен аттатпай отыр. Алдына қанша рет басын иіп, ағасымен араласқысы келіп барса да, жолатпайды. Ағасы бір жүрген шіріген жұмыртқа. Әйелінің ғана төркінімен араласып, қарындасы есігінен ашпағаны қабырғасына батпайтын, нағыз иісалмастың өзі. Сыртынан тон пішіп емес, аға-жеңгесінің сырын нақтылы білгендіктен жазып отырмын. Хадистегі сөзді оқыған құрбым, ағыл-тегіл жыласын?! "Қой, ойбай, оны әдейі, ағайын арасы ашылмасын деген мақсатта жазған ғой?! О дүниеден оралған ешкім жоқ. Қаншама рет иіліп барсаң да, маңайына жолатпаған жеңгеңнен аспаған ағаңды да құдай көріп тұр. Оразаңа уайымдама. Аллам кімнің ақ, кімнің қара екенін өзі ажыратып алады" деп, әрең жұбаттым. Фейсбук бетін парақтап отырсам, осы типтес үзінділерді оқып, ойыма түсіп кеткені?! Кейде, "қорқыт дегенде - өстіп қорқыт деп па едім?!" дегің келіп кетеді екен?! Дұрыс. Ағайын арасының татулығына не жетсін?! Десе де, жазықсыз жәбірленушінің жүрегін жаншитындай уағыз мәселесін абайлау керек-ау? Адам түгілі - бес саусақ бірдей емес. Қара түнекті қоюлата бергеннен, дипрессияға ұрынуы әбден мүмкін ғой?! Құрбым, стресстен зорға шықты.


Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 641    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.06.2018, 09:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30