Сен тұр - мен айтайын!

Жеті жерде сегізімді жатқа білмейтін 7-8-сынып оқушылары барына сенесіздер ме?

  • Жеті жерде сегізімді жатқа білмейтін 7-8-сынып оқушылары барына сенесіздер ме?

    Жеті жерде сегізімді жатқа білмейтін 7-8-сынып оқушылары барына сенесіздер ме?

Германиядағы бір кісінің бастан кешкен оқиғасы туралы оқып отырған едім.

"Мектепте екінші жылға қалып қоймас үшін репетитор жалдадым, күнде сабақтан тыс 5-6 сағатымды оқуға бөлдім",- дейді.

Осыдан он жыл бұрын мектепте математика пәнінің мұғалімі болдым. Құдай-ау, жеті жерде сегізімді жатқа білмейтін 7-8 сынып оқушылары барына сенесіздер ме?

Үлгерімі нашар оқушы қай кезде де табылады, әлбетте. Сондықтан олар туралы айтып таң қалдырмай-ақ қояйын да. Бірақ өзге біреу естісе, таң қалатын бір ерекшелігіміз барын, кімнен жасырайын? Бұл - біздегі оқу жүйесі.

Әлгі үлгерімі өте нашар балаға "2" деген баға қояйын десең, қойдыртпайды. "Ол оқушыға емес, өзіңе қойған бағаң" дейді завуч апай. Ал, мейлі. Онда тым болмай бара жатса, екінші жылға қалдырайық та. Бір сабақтан ғана нашар емес. Мүлдем оқымайтын бала. Ата-анасына да сабақ болсын, дейміз сабақ беріп жүрген мұғалімдер тобы жалынып.

"Атай көрме", - деп алдынан әзірейіл шыққандай шоши сөйлейді завуч апай. - "Екі мен үшіңді араластырып, үш деген бағаны сәл көбірек қойып, келесі сыныпқа көшір. Екінші жылға қалған оқушысы бар мектепте рейтинг болушы ма еді? Бұл өз басыңа сор. Тексеріс келеді. Қайтесің, екі жұмыс қылып",- дейді. Әңгіме осымен тәмам.

Ал 9-шы сыныпқа көшкенде, бұндай балалардың ата-анасына мектеп басшылығы мына бір ұсынысты турасынан қояды:

"Балаңыз 9 бітіріп, аттестат алсын десеңіз, 10-шы сыныпқа қалдырмайсыз. Қазірден бастап, колледж іздей беріңіз".

Өзіңің осалдығын сезген ата-ана, колледж іздеуге кіріседі. Ал 7 жерде 8-ді білмейтін бала бәрімен бірге 9-шы сыныпты аяқтап, аттестат алады.

ПыСы. Эксклюзив статья жазамын деп жүргендер, Қазақстан бойынша екінші жылға қалған оқушылар бар ма, көрсінші. Нәтижесі қайран қылатынына сенімім мол.


Клара Ермагамбетова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1419    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.01.2018, 12:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31