Сен тұр - мен айтайын!

Жігіттер-ау айтыңдаршы, қыздардың тұрмысқа шыққан шықпағанын қалай ажыратасыздар?

  • Жігіттер-ау айтыңдаршы, қыздардың тұрмысқа шыққан шықпағанын қалай ажыратасыздар?

    Жігіттер-ау айтыңдаршы, қыздардың тұрмысқа шыққан шықпағанын қалай ажыратасыздар?

Жігіттер-ау айтыңдаршы. Жалпы қыздардың тұрмысқа шыққан шықпағанын қай жеріне қарап ажыратасыздар?

Өзімді жас көрінемін деп айта алмаймын. Арық екенім рас! Ол да болса біріншіден денсаулықтағы ақаудан, екіншіден, күндіз жұмыспен шапқалап, кешкісін отбасының жағдайын жасап тынымсыз аяқ-қолым жерге тимей жүргенің әсері шығар.

Тыриған тұрқыма қарап "Пәлен баланың анасымын" десем сенбейтіндер көп. Фигура сымағым бала туғанға ұқсамайдымыш. Олардың ойынша бала туғандар толысып, салбырап, балбырап кетедіміш. Балбырататын жағдай болса балбырағанға не жетсін?.

Еліміз отыз елдің қатарына кіргелі жатыр. Оның үстіне жаңартылған білім реформасы бар. Балаларымызбен бала болып сабақ оқып ізденетініміз, қазіргі оқулықтардың тілін түсінбей тістеніп нервіштететініміз тағы бар. Шашамызға шыр бітпей -ақ қойды сосын.

Қайдағы бір щеголдар телефон номерін сұрайды .

Үйде 1 бұқа 4 бұзауым бар , жақындасаң сүзіп өлтіреді десең сенбейді-ау сенбейді.

Қолыңда неке жүзігің жоқ қой деп күйдіреді.

Қайтіп жауап бересің ондайға.?

Шындықты айта салатын әдетіммен ломбардқа өтіп кеткен дей саламын.

Кешірерсіздер.

Иә шынымен ломбардқа өтіп кеткен.

Түк күлкілі емес! Елдің тең жартысының алтындары ломбардта жатыр.

Қайтсін? Ары тартса ары, бері тартса бері жетпейді. "Демографияны көтеріңдер" дегенге есек дәмемен көтере беріппіз. Жарқын болашақты күткен болармыз.

Қақ папасының басы! . Балалардың болашағы үшін тіпті бүгіні үшін алаңдап өлетін болдық.

"Баяғы балалар мықты еді" деп

бүгінгілерді сынға аламыз. Баяғынікі мықты болса , ол заман тыныш болған шығар. Ал қазір жамандықтың барлығы жер бетіне шыққан заман. Немесе адамдардың қаны бұзылған. Сондай жаман ниеттілерден қорғаштап мектебіне жетелеп апарып жетелеп әкелеміз. Уот! Осының барлығы адам үшір артық жүк.

Қысқасы семіруге уақыт жоқ. Азанда ерте тұрып бірін жұмысына, бірін бақшасына , бірін сабағына жібереміз. Сосын төрт тал шашымызды төрт жақа тарап, айнаға асығыс қарап жұмысымызға жаяулатып беземіз. Ал содан соң семіріп көр.

Обшым щеголчиктер ары ойнаңдаршы ерікпей. Сендермен ойыншық ойнауға уақыт жоқ.


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 2742    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.09.2018, 11:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31