Сен тұр - мен айтайын!

Жігіттерді ас үйден қуатын кез келді

  • Жігіттерді ас үйден қуатын кез келді

    Жігіттерді ас үйден қуатын кез келді

«Ас үйден аулақ жүріңдерші...»


Қазақтың қай еркегі қазан-ошаққа араласып еді? «Құнанбай Ұлжанға ет турасты», немесе «Абай Әйгерімге тұшпара түйісті» деп келетін сөйлем кісіні күлкіге шақырар еді, ия?

Асылдарға барыспайық, асылы қазақ еркегі қазан-ошақтың басына баруды аса ойламаған. Қазан ошақ болғанда, ас әзірлеу, ас үйдегі әйелге көмектесу жағына салғырт еді. Қазір қит етсе тамақ пісіріп жатқан суретін салатындар пайда болды. Ас мәзірін ұсынатындар бар. Әлгі ас үйдің маңындағы бағдарламалар ше, сол тұстан сәлем жолдайды.

Кезінде бізге де ұсынған. Бірнеше рет. Сыпайы ескерттік: «Ас үй біздің түсінікте тек тамақтанатын орын, өзгені әйелге сеніп тапсырғанбыз». Қоя салса ғой.. «Түк етпейді. Дайын рецепт. Жүргізуші көмектеседі. Тек сіз сол турасып, қуырысып..». «Ренжіме айналайын, тіпті нан турап көрмеген шығармыз, әуре болмайын».

Кейде байқап қаласың, арналарды аттап келе жатқанда.. анау да аспаз, мынау да шебер... Мықты бір ағам айтады. «Әй, жігіттерді ас үйден қуатын кез келді. Біз ғой айта алмаймыз, сендер анау желілерде жазасыңдар ғой. Айтыңдаршы, батырып. Әлгі жұлдыз деп жүргендерің жігіттікті насихаттасын. Асық ойнасын, ептілік. Мылтық атсын, дәлдік. Тіпті турникке тартылсын, шымырлық. Пышақ ұстап, салат турған қай салтың? Кейде спортшың да жүреді. Айтшы, аулақ жүрсін, ас үйден... онсыз да ұсақталып барамыз...».

Айтайын, аянып қалам ба...


Аман Сейтканов

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 741    Пікірлер: 1

сейсенбі, 09.01.2018, 11:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30