Сен тұр - мен айтайын!

Жігіттік уәдесін алып, ұрымызды таксиге отырғызып жібердік

  • Жігіттік уәдесін алып, ұрымызды таксиге отырғызып жібердік

    Жігіттік уәдесін алып, ұрымызды таксиге отырғызып жібердік

 Алдыңғы күні түнде көршімнің мәшинесін тонағалы жатқан ұрыны ұстап алдық, көршім екеуміз. Сосын сақшыларға телефон шалсақ, алмайды ғой. "Қой, мен үй телефонынан хабарласайын!" деп кеткен көршім жарты сағаттан кейін келді. "Ешкім алмайды" дейді. Ол келгенше, қашпақ болған ұрымен біраз алысып алдым...

Ұрымызды жетектеп күре жолдың бойына келдік. Ойымыз - жол сақшысы өтсе, соларға тапсыру.

Жәй отпай, 102-ге хабарласып отырмыз. Бір кезде менің қоңырауымды көтерді. "Құтқару қызметі" дейді. Мен "Сақшы керек!" деймін. Сөйтсем, әлгі қарағым "Оларға соққан қоңырауыңыз түспесе, онда сіздің телепоныңызда арнаулы бағдарлама болмағаны ғой" деді де, қоя салды. Не бағдарлама екенін - итім білсін...

Таңғы 4:50 болды. Басымыз салбырап, үшеуміз отырмыз. Бір кезде ұрымыз айтады "Ақыры, мына бәлелер келмеді ғой, маған таксиге ақша беріңдер, үйіме қайтайын. Ұйқым келді" дейді. Біз де қарап отырып, шаршап отырмыз. Қалтамыздың түбін қақсақ, көршімде 70 теңге, менде 60 теңге бар екен. "Енді біздің көшеге ұрлыққа келмеймін" деген жігіттік уәдесін алып, ұрымызды таксиге отырғызып жібердік. Көршім әуелі етқызумен ұрып құлатқан еді, ұрыны ұстап алғанда. Сол есіне түсіп кетті-ау дим, құшақтап ұзақ қоштасты. Кешірім сұрап жүр. Анау да ақкөңіл ұры екен, құдалыққа келгендей, қайта-қайта қолымызды қысып, "екеуіңді де кешірдім" деп қояды. Таксиге әрең мінді. Қимай жүр...

Өстіп-өстіп әрбір ұры-қарымен туыс боп кететінімізді алдын-ала білген біздің сақшылық қызметтің өне бойында тола ғұлама, гуманист, көріпкел һәм тақуа адамдар отыр-ау деймін...


Ұры ұстап алып жатсаңыздар, өлтіре сабамаңыздар! Бірер сағаттан кейін шығарып салғанда өздеріңіз ұялып қалады екенсіздер...


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1466    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 29.10.2017, 11:37

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30