Сен тұр - мен айтайын!

Жүктіліктен сақтану үшін оқушыларға арнайы жиналыс өткізу дұрыс па?

  • Жүктіліктен сақтану үшін оқушыларға арнайы жиналыс өткізу дұрыс па?

    Жүктіліктен сақтану үшін оқушыларға арнайы жиналыс өткізу дұрыс па?

Жыныстық сауатты болу үшін, жоспарланбаған жүктіліктен сақтану жолдарын мектептерде жоғары сынып оқушыларына ашық айту, сынып оқушыларын түгел жинап алып, арнайы жиналыс өткізу дұрыс па? Бұндай нәрсені қыздарды бөлек, ұлдарды бөлек жинап, арнайы мамандар әңгіме жүргізу арқылы жеткізген дұрыс шығар. Тым ашық түрде айтылатын әңгіме емес қой. Екіншіден, бұл мәселені шешу үшін интернет арқылы тарайтын ұятсыз көрінестерге шектеу қою керек. Оны арнайы бақылайтын топ құрылып, ұятсыз сайттар, видео каналдар т.б. жабылып, ондай видео, сурет, басқа қандайда бір ақпарат таратқандар жазалану керек. Ол бақылау әрине сөз бостандығына, ой бостандығына қатысты шектеу қоямауы қажет. Үшіншіден, ерте отбасы құруды насихаттау керек. Ол үшін 16 жастан бастап отбасы болуға рұхсат етіп, ерте отбасы құрғандарға қоғам қолдау көрсетіп, мемлекет оқу гранты бөлуде, жатақхана беруде, степендия беруде, баспанамен қамтуда, жұмыспен қамтуда бірінші кезек осындай отбасыларға көмек көрсету керек. Төртіншіден, "бойдақ салығын" енгізу керек. Ұл мен қыздың жасы 25-ке келгеннен бастап, 45 жасқа келгенше жасы ұлғайған сайын салық мөлшері де ұлғая бермек. Бойдақтардың ай сайынғы табатын табысының 2-ден 10 пайызына дейінгі мөлшерін "бойдақ салығы" ретінде ұстап қалу қажет деп ойлаймын. Бұндай салықты арада бала болмаса, ажырасқандарға да салу қажет. Сол кезде біз демография мәселесін, бойдақтар мәселесін, оң жақта отырып бала табу т.б. мәселелерді оңынан шешіп, дені сау ұрпақты дүние әкелу мәселесін жолға қоятын боламыз. Бұл менің өз ойым. Сіз не дейсіз?


Айбар Абайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 797    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.01.2018, 12:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30