Сен тұр - мен айтайын!

Жұлдызсымақтар арамызда өріп жүр ...

  • Жұлдызсымақтар арамызда өріп жүр ...

    Жұлдызсымақтар арамызда өріп жүр ...

Аңдығаны қыз. Ішкені арақ-шарап. Қолда темекі. Оған шегетін шөбі қосылған. Және де иіскейтін нашасымен салатын инесі тағы бар. Сүйтіп отырып өзі радио-телеарналардан "Біздің ұлт азып барады. Елдің жағдайы мүшкіл. Ұрпақ келешегі бұлыңғыр" деп ісініп сөйлейді. Ең қызы сондайларды әкімшіліктегілер, мәдениет басқармасындағылар, журналисттер қолдап, пір тұтып "жұлдыз" деп жандары қалмай кештерін ұйымдастырып өткізіп жатады. Міне біздің "рухани жаңғыруымыздың" деңгейі!

П-сы: Сондай жұлдызсымақтар арамызда өріп жүр. Сондайларды көріп, сұхбатын тыңдаған сайын өзімді Әлихан, Ахмет, Мағжан, Бейімбет, Халел, Шәкәрім, Әлімхан, Ілияс сынды Алаш арыстарының алдында кінәлі сезінем. Қайран бабаларым-ай... "100 жылдық" мерейтойларыңыз елдік деңгейде тойланбады. Тым болмаса күнтізбеден бір күнді белгілеп ұлт болып құран оқып, дұға бағыштамадық та. Барлық теле-радиолардан бір тәулік бойы бірақ тәулік, сіздердің өнегелі өмірлеріңізді оңды-солды насихаттай алмадық. Алмайтын да шығармыз?... Қайдан, қалай дәріптейміз рухани жаңғаруымыздың сыйқы анау болса?! Теле-радиоларымыз жасанды жұлдыздардың ішіп-жеуін, киген киімін, жүріс - тұрысын, ажырасқан - қосылғаннын, қысқасы, өсек қана таратып жатса біз қайдан сіздердің деңгейлерңе жетеміз, асыл бабаларым?!


Erlan Ryskali

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1201    Пікірлер: 1

сейсенбі, 30.01.2018, 11:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31