Сен тұр - мен айтайын!

Журналист қатынның баласы бала емес пе?

  • Журналист қатынның баласы бала емес пе?

    Журналист қатынның баласы бала емес пе?

Жұмыстан үйге келсем аулада қызыл қырғын төбелес. Орыстың есектей-есектей балалары үлкен ұлыма шабуыл жасап, таспен атқылап жатыр екен. Біздікі де қайтпайды. Жауларына тойтарыс беріп, арасында шешеден жіберіп, қолына ілінгенімен ұрғылап жатыр. Менің төбем көрінгеннен, томпақ сары балалар бытырап жан-жақа қаша жөнелді.

-Үйге кір. Мұның не - деп өз ұлымды жетелеп алып кеттім.

Тыңдайтын бала ма?


Сарайға шығып кеткенімді пайдаланып, тағы шығып кетіпті. Патыр-пұтыр төбелес, тас атқылас,ошым шешеден де, әкеден де түк қалдырмай боқтау тағы басталды. Лақтырған тастарының бірі адасып курді қатын тұратын үйдің дарбазасына тиді ғой деймін. Шашы желбіреп жүгіріп шыққан көрші әйел, жұлысып жатқан балаларға тарпа бас салды. Біздікі қазақшалап, орекеңдер орысшалап шағымын айтып жатыр. Орыс тілді курді қатын біздің ұлға:


Журналисттің баласы да сөйте ме?


Журналисттің баласы да бұзық бола ма? -деп ақыл айтып қояды. Әлдебіреулерге журналист қатынның баласы ғой қайтпайды екен дейді арасында.

Біздікі шарт кетті.

-Анамды қатын демеңіз.

Қазір шықса аямайды.


Осы сәтте шыдап отыра алсамшы. Тепкіш қораздар ұқсап тепсініп жүгіріп шықтым. Курді қатын қатулы қабағымнан қаймығып күлімдей қалды.

Ұлымның басынан сипалап,

-өз тілінде әлденелерді түсіндірген болды. Не деп жатқанын черт знает.

Біздікі түсінген болып "қайталанбайды" деп басын изеді.


Үйге кірген соң,

-Мама журналист қатынның баласына бұзық болуға болмай ма?-деп сұрақты төтесінен қойды.

-Болмайды!

-Еее түсіндім.Көшеге шықсам еститінім осы. Демек, журналист қатынның баласы бала емес екен де.

Бұған не дейсің?

Баяғыда өзіміз де

-ойвай мұғалімдер де да тамақ ішеді екен ғой -деп шок болушы едік.

Осындай түсінік әлі де бар екен-ау.

Баланың аты бала емес пе?.


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1901    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.10.2018, 20:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30