Сен тұр - мен айтайын!

Журналистикада бізді баса-көктеп, таптап кете жаздайтын ұрпақ өсіп келе жатыр ма?..

  • Журналистикада бізді баса-көктеп, таптап кете жаздайтын ұрпақ өсіп келе жатыр ма?..

    Журналистикада бізді баса-көктеп, таптап кете жаздайтын ұрпақ өсіп келе жатыр ма?..

Қызық. Кейде журналистикада бізді баса-көктеп, таптап кете жаздайтын ұрпақ өсіп келе жатыр ма деп ойлаймын. Өзіміз журналистикаға келгенде, біліп тұрсақ та, үлкендерге қарап жалтақтап тұратынбыз десем өтірік айтқандық емес. Тіпті осы жасымыз бірталайға келгенше сыйлық алу дегенді ойлап көрмептік. Алдымызда үлкендер бар ғой деп жүре береді екенбіз. Сол кеше келген "майда-шүйделер" атағы дардай сыйлық алып жатқанда ғана аузымыз ашылып, "Осы мен не бітіріп жүрмін?" деп ойланғанымыз рас. Оны қойшы. Өзім о бастан үлкен дикторлармен бірге шығып, эфирге солай төселдім ғой. Ағаларға жаңалықтың "сүбелісін" беріп қойып, өзіміз спорт- мыспорт, ауа-райы деген сияқты ұсақ-түйектерді оқитынбыз. Ал қазіргілер сенімен бірге шығып отырып, өзі жақсырақ, тереңірек білетін бір ақпаратты сенен бүгіп қалып, құйрығының астына басып, көзір ретінде ұстааап отырады да бір ұрымтал тұста тарс еткізеді ғой.Сөйтіп өздерін сенен гөрі ақылдырақ, сенен гөрі кәсіпқойырақ етіп көрсетуге тырысады. Ал біз, олардан жүз есе артық білетін нәрсемізді, кейде эфирдің этикасы үшін, өзіміз айтпай, сценарий жазғанда солардың аузына салып береміз.


Жанар Оразымбет

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 970    Пікірлер: 0

жұма, 27.10.2017, 12:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30