Сен тұр - мен айтайын!

Жүрсін Ерман бауырыма осы жолы жаным ашып кетті!

  • Жүрсін Ерман бауырыма осы жолы жаным ашып кетті!

    Жүрсін Ерман бауырыма осы жолы жаным ашып кетті!

 Кешелі-бергі айтысты тікелей эфирден көргенде халық пен тобырдың тағы бір тайталасын көз шалып қалды. Тобырға жарқ-жұрқ еткен жылтырақ, ел ішін алатайдай бүлдіретін айқай-шу керек те, халыққа– елінің ертеңін еншілеген парасатты поэзия керек екен.


Тобырдың шәйірлері жазба поэзияның ішінде де қаптап жүр. Әр өлеңі–түсінікті… Қарабайыр! Қасаң! Ақыл айтады… Қадырлар мен Жұмекендердің көлеңкесінде отырып алып, көйітіп береді… Жаңалық жоқ,–көшірме, вариациялар! Күннің шуағын көрмей, көлеңкесін күйіттесек, Айды аспанға біз шығармағанда кім шығарады деп ойлайды! Өлеңінде Ұлы Мәртебелі Поэзияға тән көркемдіктің нышаны да жоқ! Жәңгір ханды жерден алып, жерге салған Махамбеттің жырларындағы өр жүректен ғана шығатын сұңғыла сұлулық , терең ой мен тегеурінді рух қайда?! Шернияздар мен Шөже жырындағы Айсберг сынды астарлы ойлар ше? Жоқ қой?! Көшедегі көрінген пенденің қуыс кеудесінде жүрген құрғақ сылдыр сөзді айта салады! «Ханның сөзін қара да айтады, бірақ, аузының дуасы жоқ!»-деп, қазақ осыларды айтқан! Поэзия ма – осы?!


Халық пен тобырдың теке-тіресі күллі болмыс-бітімімізден көрініп тұр, поэзиядан да, айтыстан да. Кеше екі оттың ортасына түскен Жүрсін Ерман бауырыма осы жолы жаным ашып кетті! Қалай дегенмен де айтыстың әкесі осы еді ғой? Қайран, Жүрсін… Жүрегіңе абай бол, бауырым?!.


facebook.com




Көрілген: 1457    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.12.2018, 18:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31