Сен тұр - мен айтайын!

Жылауық бала жасық болып өсе ме?

  • Жылауық бала жасық болып өсе ме?

    Жылауық бала жасық болып өсе ме?

Бала кезіміз. Шерхан Мұртазаның "Қызыл жебесін" жата,жастана оқимыз. Соның мына бір жері есімде мәңгілік қалып қойыпты. Рысқұл түрмеде. Ұлы Тұрарды болыстың тұқымдары "қанға қан" деп жазым ете ме деп жанына алдырған. Сол Тұрар бірде ерні қанап, әкесіне жылап келеді. Бір жанашыр сөз айтар деп күткен болуы керек. Рысқұл таяқ жеп келген ұлының өзіне ақырады.


-Сен таяқ жедім деме!-дейді түнеріп, -Шие жедім де! Қан емес, шие дегін!..


Тұрардың кім болғанын бәріміз білеміз. Әке тәрбиесі жаман болған жоқ. Қазақтың біртуар ұлы болды.


Екінші оқиға былтыр Ерейментауда болды.


Қазақша күрестен өтіп жатқан жарыста ауылдың бір қара баласы жеңіліп қалып, жат та келіп жыласын... Біреулер "сағы сынбасын, бір жапырақ мақтау қағазы мен ақшалай сыйлығын бере салайық" десе, енді біреу "жаман үйреніп кетеді, жылауық бала жасық болып өседі" десті. Соңында әлгі балаға жергілікті кәсіпкер сыйлық беріп жатты. Содан бері ойымда жүр еді. Головкиннің жеңілісіне жылаған балалардың видеоларын қайта, қайта салып, еске түсіріп жібердіңіздер.


Шынында жылауық бала жасық болып өсе ме екен? Сіздер не дейсіздер? 


Арман Сқабылұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1092    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.09.2018, 21:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31