Сен тұр - мен айтайын!

Қаба сақал, шолақ балақ жігіттер адамдардың басын доп етіп футбол ойнап жүр

  • Қаба сақал, шолақ балақ жігіттер адамдардың басын доп етіп футбол ойнап жүр

    Қаба сақал, шолақ балақ жігіттер адамдардың басын доп етіп футбол ойнап жүр

Айтар, айтпасымды білмей ойланып жүргеніме бірнеше күн өтті. Ақыры, ортаға салуға бекіндім. Жақсы араласатын, жақсы көретін, білімді, тәуір қызметте істейтін. өте тәрбиелі інішек бар еді. Осы айдың басында жұма намаздың уақытында кездесіп қалдық. Намазға ерте кетейін деп едім, інішегім өзімді айран-асыр еткен сөз шығарды.

-Көке, мен Тәңіршілдікті таңдадым.

-Қой, бауырым! Оның не?

Інішек телефонын ашып, видеоларды көрсете батсады.. Ғаламторда болған. Көргенмін. Қаба сақал, шолақ балақ жігіттер адамдардың басын доп етіп футбол ойнап жүр.

-Көке, мына бастар он бес жасқа толмаған, еш кінәсі жоқ балалардікі. Жазығы-бір уақ футбол ойнапты. Нақтылы анықтадық. Щырыладатып, қалай сойды екен иттер! Осылар адам ба? Ал мына имам аналар туралы нақұрыс айтпайтын сөз айтты. Ана силамаған тобырдан кетуге бел будым.

Сманов деген уағызшының кредитке байланысты оттышын көрсетті. Одан әрі інішегімді тоқтатып алдым.

-Бұлардың істегені исламның жолы деген қате пікір. Мұсылманның ең бірінші талабы-адамның көркем мінезді болуы...

Ініме біраз ақыл айттым. Бір сөзімді бөлмей тыңдады.

-Рахмет, көке! Бірақ мен Тәңіршілдікті зерттей бастадым. Тыва, Хакас, ежелгі қазақ Тәңіршілдігі туралы дерек жинап жүрмін. Интернетте мен сияқты жігіттер бар екен. Уақап, салаф дегендерің ізін баса алмайды. Сауатты, интелектері жоғары,әрқайсысы бірнеше тіл біледі. Ұлттық мүддеге, қазаққа адал азаматтар. Өзіңіз интернеттен іздеп көріңізші...

Өкіндім, қатты өкіндім. Әрине, інішегімді әлі де ақылға шақырамын. Сіздер қандай ақыл айтасыздар?

Тәңіршілдік - сайын даланы мыңдаған жылдар мекендеген көшпелі Көк Түрік ұрпақтарының сөнбей жатқан қозы. Інішекті райынан қалай қайтарамын?


Камал Әбдірахман

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 682    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.11.2018, 11:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31