Сен тұр - мен айтайын!

Қажымұқанның аруағы бізге риза емес!

  • Қажымұқанның аруағы бізге риза емес!

    Қажымұқанның аруағы бізге риза емес!

-Тәуелсіздік алғаннан бері бір де бір қазақ палуаны олимпиада чемпионы болған жоқ! Себебі, күш атасы Қажымұқанның аруағы бізге риза емес! Біз оны ұмыттық, елеусіз қалдырдық...-деді бірде жақын досым. Өз басым ырым дегенге сене бермеймін. Күлдім де қойдым.


Астана-Қостанай жолының бойында, өз атындағы шағын ауылдың шетінде елеусіз ғана тұрған палуанның еңселі ескерткішін көргенде сол әңгіме ойыма оралғаны. Бұл ескерткіш бастапқыда ел ордасында тұруы тиіс болған. Сол үшін арнайы жасалған.


Алайда, әлдебір мүдделер қақтығысының құрбаны болып, тас жолдың бойынан бір-ақ шыққан деседі. Қоқысқа тастамағандарына да шүкір дедік.


Ал, сол Астанада қазір не көп, спорт ареналары, стадиондар көп. Солардың бірінің алдында қасқайып қазақтың бас палуаны-Қажымұқанның ескерткіші неге тұрмайды? Бұл да бір рух беретін дүние емес пе?


Бәлкім, менің досым дұрыс айтады- біз аруақты сыйлауды ұмытып кеттік. Тумысынан палуан қазақтың күрестен де, басқадан да... шынымен жолы болмай жүр. Қолдамай жатқан шығар... 


Арман Сқабылұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 482    Пікірлер: 0

сенбі, 17.11.2018, 17:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31