Сен тұр - мен айтайын!

Қалай күн көреміз? Бәсеке жанып тұрған ғаламда немізбен бәсекеге түсе аламыз?

  • Қалай күн көреміз? Бәсеке жанып тұрған ғаламда немізбен бәсекеге түсе аламыз?

    Қалай күн көреміз? Бәсеке жанып тұрған ғаламда немізбен бәсекеге түсе аламыз?

НАН МЕН ӘН - ХЛЕБ и ЗРЕЛИЩЕ


1-2 ғасырларда өмір сүрген Рим сатиригі Ювеналдың Римді басқарып отырған өкімет басшыларының саясаты жайлы айтқан сөзі нақыл сөз болып қалыптасып қалған. Тегін қойылымдар мен тегін тамақ, ақша тарату арқылы қара халықты бағыныштылықта ұстау тәсілін меңзеген ғой. Саналы адамдардан құралған саналы қоғам бұндай арзан нәрселерге селт ете қоймаса керек. «Бұл не деген батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық» деп оны Қазақ атам баяғыда айтып тастаған ғой.

⚡️⚡️⚡️

Кәмпитке алданған бала секілді болмай, өз парқын, өз бағасын білген адам ғана өз өміріне де, қоғамға да ықпал жасай алады. Кезіндегі ұлы империя Римнің де түбіне жеткен осы саясат. «Ертеңін ойлаған ел азбайды»,үш күндігін ойламаған әйелден, үш жылдығын ойламаған еркектен без» деген мақалды айтқанда дана халқымыз үнемі ертеңгі күнім не болады, балаларым, болашағым қалай күн көреді дегенді естен шығарма деген ғой. Ал ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсын атамыз " Ел мұнымды білемін ұқпайтынын, Көтермеге талғанда шықпайтынын, ... ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын, Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін" деп біздің бүгінгі өміріміз жарқын болуы үшін бар күш - қуатын арнады емес пе? Дәл қазір әр Қазақ өзіне «Мен еліме масылмын ба, жоқ елімнің дамуына септігімді тигізе алатын, тіпті болмағанда өз күнімді өзім көре алатын адаммын ба?» деген сұраққа жауап беруге тиіс деп ойлаймын.

⚡️⚡️⚡️

Бәрімізде бала-шаға, немере бар. Дәл осы қалпымыздан «Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың, Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың» деп Абай айтқан қылпымыздан таймасақ енді 10-20-30 жылдан соң тағдырымыз не болатынын ойлайтын жан бар ма? Қалай күн көреміз? Бәсеке жанып тұрған ғаламда немізбен бәсекеге түсе аламыз? Түк өндірмей, ғылым-білімнен ада болған қалпымызбен қыр аса аламыз ба? Өкіметке емес, басқаға емес сіз өзіңізге осы сұрақты қойып көріңізші!

⚡️⚡️⚡️

Нақты сіз ғылым-білім жолына түсіп, болашақта өз от басыңызды асырай алатын бір білім мен кәсіпті меңгере алдыңыз ба? Болмаса балаларыңыз меңгеріп жатыр ма? Бәсекеге шыдап беретін, сұранысы бар кәсіп, білім жайлы айтып отырмын. "Ие" не "Жоқ" деп жазып және себебін жазсаңыз жақсы болар еді.


Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 410    Пікірлер: 0

жұма, 09.11.2018, 09:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30