Сен тұр - мен айтайын!

Қалайша мені жақсы көресіз? Құрбым менен асқан сұлу

  • Қалайша мені жақсы көресіз? Құрбым менен асқан сұлу

    Қалайша мені жақсы көресіз? Құрбым менен асқан сұлу

Бір сұлу бойжеткен жолда келе жатыпты. Бір кезде артынан бір жігіттің келе жатқанын байқайды. Жігітке бұрылып:

— Неге артымнан қалмай келесіз?

— Сұлу қыз, жүрегімді баурап алдыңыз, сізге деген махаббатым артыңыздан еріксіз жүргізуде. Ел мені сегіз қырлы бір сырлы дейді, тағы біреулер осы заманның Абайы дейді, сондықтан да елдің бәрі маған ғашық екен. Алайда мен бір тек сізді ұнаттым!

Бойжеткен үндемей жігітке біраз қарап тұрды да:

— Қалайша мені жақсы көресіз? Құрбым менен асқан сұлу. Әне ол да келіп қалды, – дейді.

Жігіт тоқтап, қыз көрсеткен жерге жалт бұрылып қарайды. Сөйтсе әлгі жерде қыздың сұлу деген құрбысы емес, жасы ұлғайған кемпір тұр екен. Қызды қайта қуып жетіп:

— Сұлу қыз, несіне маған жалған сөйледің?

Қыз күліп қана қойып:

— Сіз де жалған сөйлемеген бе едіңіз? Бір қарағаннан маған ғашық болдым дей тұрып, басқа қызға жалт бұрылып қарағаныңыз сөзіңіздің жалған екенің бірден көрсетті.


Amangul Mukashan

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2866    Пікірлер: 0

жұма, 08.06.2018, 11:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан, 12:54
    Мұзға айналған көз жасы
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31