Сен тұр - мен айтайын!

Қалтаңа ақшаң сыймай бара жатcа кедей мен жетім-жесірдің жағдайын жасашы!

  • Қалтаңа ақшаң сыймай бара жатcа кедей мен жетім-жесірдің жағдайын жасашы!

    Қалтаңа ақшаң сыймай бара жатcа кедей мен жетім-жесірдің жағдайын жасашы!

Осы уақытқа дейін ру туралы әңгімелерді әзілге бұратын едім. Басқалар да сондай екен деп ойлап кеппін ғой. Кеше естіген әңгімеден өз-өзіме әлі келе алмай отырмын. Сөйтсем, тайпалық түйсігіміз ұлттық намыстан бір де кем емес дейтіндер көп болып шықты. Айдың-күннің аманында, алаштың басын қосу туралы әңгіме күн тәртібіне шығып тұрса, біреулер руға бөлініп әлек! Алматыда жиналған біраз тайпа өкілдері өздерінің "президентін" сайлап алып, жыл сайын түкке қажеті жоқ жиын өткізіп тұрады екен.

Шымкент үш жүздің ортақ Отаны. Сөйтсем, Шымкентте кішісі бар, ортасы бар, ұлысы бар: "президентін сайлау", "рудың құрылтайын" өткізуді жыл сайынғы дәстүрге айналдырыпты. Оның соңы жақсылыққа, игілікке ұласса жақсы ғой. "Жақсылық" демекші, осындайда ойға оралады. Қайбір жылдары Алматы облысында тұратын Шымкенттің бір жігіт қатты науқастанды. Атын атамауды жөн көрдім. Өзі осында, мені оқып отырған шығар. Сол жігітке шұғыл ағза ауыстыру қажет болды. Жаны қиналғанда жанындағы жары үш баласын науқас күйеуіне тастап, кетіп қалды. Шырқыраған бүлдіршіндер, кемтар тіршілік кімді қажытпайды? Бірақ кейіпкеріміз мойыған жоқ. Балаларының болашағы үшін өмір сүруге ұмтылды. Телеарналардан шығып, жанын қинаған шындықты жайып салды. Билік тоғышар болғанымен, қоғам тоңмойын емес қой. Дереу, Шымкенттен осы жігіттің руластары хабарласты. Бала-шағасымен оңтүстікке көшіріп әкетті. Қалалық тіркеуге қойып, мықты деген дәрігерлерге қаратты. Бір бөлмелі пәтер әперді. Ай сайын ішіп-жеміне, түрлі шығындарға жалақы төлеп отырды. Кезегі жеткенде дімкәс ағзасын ауыстырды. Содан бері көп жылдар өтіпті. Қазір сол жігіт Шымкент қаласындағы пәтерін кеңейтіп, үйленуді жоспарлап отыр. Бүлдіршін балалары бойжетіп, ержетіп, жігіт бола бастады. Көрген қиыншылықтың бәрі бір сәтте көзден бұл-бұл ұшып, бақытты отбасына айналған. Алланың қалауы да осы шығар!

Бос жиын мен ішіп-жем ұйымдастырғыш жігіттер осындай игі істі қолға алса, қаншама суицидтің алдын алар еді?! Қаншама отбасының берекесін кіргізер еді?!

Қалтаңа ақшаң сыймай бара жатыр ма, онда ең алдымен өз руыңнан шыққан кедей мен жетім-жесірдің жағдайын жасаңдаршы! Сонда, бізден ұлы халық болмас еді!


Тоқтар Жақаш

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 478    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.05.2018, 19:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30