Сен тұр - мен айтайын!

Қалтаңдағы ақшаны сыпырып алудың айла-амалдары көп

  • Қалтаңдағы ақшаны сыпырып алудың айла-амалдары көп

    Қалтаңдағы ақшаны сыпырып алудың айла-амалдары көп

Қалтаңдағы ақшаны сыпырып алудың неше түрлі айла-амалдары бұрын да көп еді. Ертеректе тым тұрпайы болды. Қараңғы бұрышта аңдып тұрады да, тарпа бас салады. Тамағыңа пышағын тақап тұрып, «жан керек пе, ақша керек пе, қалтаңдағыны шығар» дейді. Бересің де, құтыласың. Аман қалғаныңа қуанып кете бересің. Кейін мұндай дөрекілік келмеске кетті. Бірақ, қалта қағу тәсілі қоғам дамуына сай өзгеріпі, қазір көп жетілдірілді. Қаржы пирамидасы арқылы дүйім жұрттың ақшасын үптеп қашып кететіндер пайда болды. Талай аңқаулар сан соғып қалды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында әртүрлі көк, жасыл, сары «әулие-әнбие», «пайғамбарлар» пайда болып, сеанс өткізіп, жұрттың қалтасын қағып, қайдағы бірдемелерді қыртып, ел кезіп жүретін. Қазір оның бәрі із-түзсіз жоғалды. Ел-жұрт есімдерін де ұмыта бастады. Алаяқтық атаулы осымен тәмам шығар деп ойлағанбыз.

Сөйтсек, әлі де бар екен. Болғанда да, жай емес. Аяқ астынан психолог болып шыға келгендер семинар-тренинг, мастер-класс дегендер өткізіп, елден ақша жинауға көшіпті. Ондай «іс-шараларға» әйелдер жағы тіпті ақша аямай өліп-талып барады екен. Сұраныс барда, ұсыныс та болады ғой. Бір реткі жиыны 30-40 мың теңге. Оған кемінде жарты миллион адам (әйелдер ғой) жиналады. Есептеп көріңіз!

Сонда, олардың айтатыны не дейсіз ғой. Қысқасы, оттаған әңгіме. Бақытты болудың, тез баюдың т.с.с.жолдарын үйретеді-мыс. Алдымен Инстаграм желісіне шығып «уағыз» айтып, жарнамаларын қатырып тұрып жасап алады. Кейбіреулері кітап «жазып» та бастырып алған (онысының көп бөлігі плагиат), әжептәуір бағалап өткізіп жатыр. Бірақ, олардың әлгі айтып жүрген «уағыздары» да, шығарып сатып жүрген «кітаптары» де жілігі татымайтын арзанқол дүниелер. Ақылы бар жанның күлкісін келтіретін қайдағы-жайдағы бірдемелер. Совет кезіндегі парапсихолог Вольф Миссинг секілді болса, ептеп наным туғызар еді. Студент кезімізде бір жапон психологінің «Өзіңді өзің басқар» дейтін кітабын таласып-тармасып оқитын едік. Олардың бәрі мыналардың оттаубайының қасында ғылыми негізі бар дүние екен-ау.

Бірақ, соған қарамастан, жалған әрі алаяқ "психологтарға" сенген жұрт алдамшы «білгерлердің» жер-жерде өткізіп жатқан «семинар-тренингтерге» ақша аямай жамыраған қойша ағылып-ақ жатыр.


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 668    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.10.2018, 10:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31