Сен тұр - мен айтайын!

Қамшының сабындай ғұмырда қатынын қамшымен сабайтын отағаларын лағынет атсын!

  • Қамшының сабындай ғұмырда қатынын қамшымен сабайтын отағаларын лағынет атсын!

    Қамшының сабындай ғұмырда қатынын қамшымен сабайтын отағаларын лағынет атсын!

Телефон шыр етті. Астанада тұратын құрбым екен. Араға 10 жыл салып табыстық. Ері ақшаны күреп табатындықтан тұрмыстары тамаша еді. Өзіне дүкеннен қымбат киім алса, маған да алып беріп, қызына киім алса, менің қызымды да жарылқайтын мәрт еді. Жағдай сұрасқан соң құрбым даусы дірілдеп: " Күйеуім бомжға айналғанына 5 жылдың жүзі болды. Көшеде түнеп ішеді. Айлап, жылдап жоқ болып кетеді. Далада ұйықтап жатқан жерінен үйге әкеліп, ас ауқатын беремін. Мастығы жазылып,есін жиған соң мені тоқпақтап, беті ауған жағына қайта лағады. Тастап кетуге қимаймын " деді...

Жүйке жүйемнің жыртығын жамап жатқан менің палатама отызды толтыра қоймаған келіншек түсті. Жаулығы желбіреп, қара көзі мөлдіреп күннен сауға, түннен дауа тілеп, ботадай боздайды. Жатса-тұрса, жұдырығымен жұмсап, тепкісімен тәнін жаралаған күйеуінен күдер үзіп, дәрі ішіп өлмек болған. Әйелінің дәрі ішкенін білген соң, ауруханаға аттап-бұттап қаһарын төгіп жеткен күйеу дүйім жұрттың көзінше келіншегін әке-шешесінен дымын қоймай боқтап кетті. Қыз әкесі қызын күйеуіне қайта қосқан соң бейшара әйел жылай жылай кете барды.

Азаматына арқа сүйеп, ардағына балап, гүлден нәзік тағдырын тапсырған жарықтықтарға не болған өзі? Қамшының сабындай ғұмырда қатынын қамшымен сабап өткізуді парыз санайтын отағаларын лағынет атсын!


Куралай Сейсенбеккызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 559    Пікірлер: 0

жұма, 11.01.2019, 10:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қаңтар, 11:53
    Махаббат өлген...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31