Сен тұр - мен айтайын!

Қанша дегенмен, Тұлпардың аты тұлпар, Есектің аты есек екен-ау...

  • Қанша дегенмен, Тұлпардың аты тұлпар, Есектің аты есек екен-ау...

    Қанша дегенмен, Тұлпардың аты тұлпар, Есектің аты есек екен-ау...

ЕСЕК


Қалған-құтқан кәшек-құшақты қанағат тұтып ауылда жүрген Есекті бір көкем "еңбекқор" деп мақтап-мақтап қалаға алдырды.

Өзіне арнап жып-жылы қора салып, шөп жейтін ақырын көк жоңыршқаға толтырды.

Жалын тарап, құйрығын сүзді. Өсіп кеткен тұяғын дөңгелете қидырып, мұқалмайтын таға қақтырды.

Содан не дейсің, Есектің маңдайына апта сайын бастан аяқ жуынып-шайынып тұру бақыты да бұйырды.

Ә, айтпақшы, "Мұның тұлпар болар жылқы малынан қай жері кем" деп, қожайыны үстіне әсем жабу да жапты.

Ауылда жүргенде өлімшінің халін кешіп, жадап-жүдеген өмірі Есектің есінен шықты. Өйткені, иесі тұлпарлардан кем бағып жатқан жоқ. Солар жеген жем-шөп пен солар ішкен мөлдір суды ішіп, әбден семіріді.

Семірген жануар, әдетте, мінез шығарады. Мінез болғанда, тұлпардай тегіне тартып, жер тарпыған шүу асаулық емес, Есектердің есте жоқ ескі замандардан келе жатқан қырсықтығы мен қыңырлығы да баяғы.

Соның бірі - айдағанға жүрмей, ұрғанға көнбей көткеншектеп тұрып алу. Ол аз болса таңғы тыныш ауаны бұзып ақыратыны бар.

Тұлпарлардың кісінеген кездегі күмбіріне тамсанбай-ақ қояйық, ең аяғы пысқырғаны мен осқырынып, оқыранғаны да сондай сүйкімді, сондай жағымды естіледі ғой құлаққа; солар, мысалы, өзара осылай "шүйіркелскенде" миунттап тыңдап тұра бергің келеді.

Есек есектігін істемесе есек бола ма, осындай ғажайып сәтте "Бас асау тұлпарлардан менің қай жерім кем" деп, бас-аяғы жоқ ақырып қоя береді. Ал бір ақырса бітті, өмірі тоқтамайды. "Қойсайшы" дегеніңе де қарамайды. "Мен де құйрық-жалды жануармын ғой, менің де үн шығаруға құқым бар ғой" деп ал кеп ақыр.

Көкем қазір ойланып жүр. Қиналған түріне қарап ұққаным "Қанша дегенмен, Тұлпардың аты тұлпар, Есектің аты есек екен-ау" деген бір өкініш бар сияқты жүзінде.


Көсемәлі Сәттібайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 400    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.03.2019, 10:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31