Сен тұр - мен айтайын!

Капельницаны капить етіп кəйпəбəт етіп жатайын десең уақыт жоқ-ау, уақыт жоқ

  • Капельницаны капить етіп кəйпəбəт етіп жатайын десең уақыт жоқ-ау, уақыт жоқ

    Капельницаны капить етіп кəйпəбəт етіп жатайын десең уақыт жоқ-ау, уақыт жоқ

Капельницаны капить етіп кəйпəбəт етіп жатайын десең уақыт жоқ-ау, уақыт жоқ. Жұмыс істеу керек. Жұмыс істемесең тағы болмайды.


Дəрігерлер де қызық. Бүгін ертең өлетіндей етіп қауіпті төндіріп дүниенің дəрісін жазып береді де больничный ашуға келгенде қолы қалт-құлт етіп қалады. Өткенде ғой жұмысқа жарамсыздық туралы парақша аштырмақ болғанмын. Дəрігерім

- Заведующий қол қою керек. Ауру адам ұқсап тұрыңызшы əйтпесе сенбейді дегені. Əртістік өнерім жоқ еді. Бұл қалай болар екен? Поликлиниканың бұрышындағы айнаға қарап түрімді он құбылттым. Шүртік аузымды түртік ауызға, күлім көзімді, шүңір көзге айналдырып заведующиі отырған кабинетке кіріп бардым. Асқазан ауруын суықтап қалды, бір сөзбен айтқанда өкпе ауруы болуға жуықтап қалды деп жазып берген ғой. Забед апайының түрі тым сұсты екен. Əлгінің сұсына қарап қай жерімнің ауырып тұрғанын ұмытып қалсам бола ма?


Оның алдына кіргенде əлсін-əлсін жөтеліп қой -дегені бар. Асқазанның шаншуы өтірік жөтелуге ырық бермей -ақ қойды. Қойшыне керек, қатулы қабағым мен шибарқыт болып кеткен шекеме , тақтайдай болған фигурама қарап бір сөзге келместен шиіріп тұрып үш күнге больничный ашып берді. Үш күннің ішінде қосымша анализ тапсырамын больничныйды создырамын деп жүріп ақ, аурухана есігінің алдында кезек күтумен-ақ күнім өтіп кетті ғой. Қой құрысын деп жұмысыма шығып кеткенмін. Ауданда үлкен форум болып жатқанда екі бүйірден шаншу қадалып отырған орнымда бүктелдім де қалдым. Желпілдеп жедел жəрдем көмегі де жетіп келді. Екі бүйірден басып-басып көрген білгіш біреуі


Апендицит. Соямыз.!-деп өздерімен алып кетті. Врачтар жүгіріп жүріп отаға дайындап жатыр. Пышағы жалаңдап тұрған врач акаға апендицит емес бүйректің жан -жағын тексеріп көруін өтіндім. Жедел жəрдем шақыртып бүйректің айналасын тексеретін бөлімге жіберді. Ол жерде бір сағат бойы бүктеліп врачын күттік.


Ол келіп -бұл жерде узи жоқ, орталыққа барып түсесің-деді. Орталыққа сандалып екі сағат бойы узи іздедік. Оны зорға тауып екі сағат кезек күттік. 


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1038    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 09.11.2017, 20:53

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30