Сен тұр - мен айтайын!

Қарапайым кеңестерді біле тұра істемейміз, денсаулықты құртып алған соң кеш болады

  • Қарапайым кеңестерді біле тұра істемейміз, денсаулықты құртып алған соң кеш болады

    Қарапайым кеңестерді біле тұра істемейміз, денсаулықты құртып алған соң кеш болады

ДҰРЫС ТАМАҚТЫ ДҰРЫС ІШУ ДЕ ӨНЕР!


«Ауру астан» дегенді естімеген адам сірә жоқ шығар. Бірақ соның мәніне барып, қандай ас ауру әкеледі, қандай ас денсаулыққа пайдалы басыңызды қатыра қоймайсыз ғой, мойындайсыз ба? Зиянды тамақтарды білеміз: майлы, тәтті, қуырылған, консервіленген тамақтар. Олар әдетте дәмі тіл үйіріп, біздің тәбетімізді оятып, хайуани болмысымыздағы нәпсімізді қоздырады, содан кейін бас тарту қиын болып жатады. Жарайды ден саулық сыр бере бастаған соң, немесе саналы түрде зиянды тамақтардан бас тарттыңыз делік. Бірақ енді дұрыс, пайдалы тамақтың өзін дұрыс жеуді де білу керек!

▪️

Медик, ғалымдардың кеңестерін оқи, тыңдай келе мен су мен шайды тамақтан бұрын жарты сағаттан соң, және тамақтан кейін 2 сағаттан соң ішіп әдеттендім. Сонымен қоса «қою тамақты ішуді», яғни кемінде 20-30 рет шайнап барып жұтуды да қолға алдым. Осыны әдетке айналдырған соң 2-3 күннің ішінде ақ керемет бойымда кереметтей жеңілдіктер сезіне бастадым.

▪️

Біз тамақты шайнамай, сілекеймен араластырмай ақ жұтып алғанымызбен қоймай, ол қарынға бара салысымен үстіне су не шайды құйып қоймалжың, қортылуы қиын батпаққа айналдырады екенбіз. Тамақ ішкен соңғы бөлінетін сөл мен өт байғұстардың асты қорытуға шамасы келмей қиналатын көрінеді. Дәретке де уақтылы бара алмай, ішіміз қатып жүргені.

▪️

Жаңағы мен айтқан әдетті ұстану еш қиындық туғызбайды. Бір апта қолданған соң пайдасын бірден көресіз. Мен үйреткен адамдардың бәрі алғыстарын айтуда. Өзіңіз де істеңіз және кімге ден саулық тілейсіз соларда да тарата жүріңіз.

▪️

Осындай қарапайым кеңестерді біле тұра істемейміз, ден саулықты құртып алған соң кеш болады. Менің осы кеңесім көңіліңізге қонып, қолданамын, таратамын десеңіз 1 деген белгі, жоқ келіспеймін десеңіз 2 деген белгі, ал күмәнім бар десеңіз 3 деген белгі қойыңыз.


Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1199    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.11.2018, 15:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қаңтар, 11:53
    Махаббат өлген...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31