Сен тұр - мен айтайын!

Қаржының бәрін қалаға бөле бермей, ауылға да неге бөлмейді?

  • Қаржының бәрін қалаға бөле бермей, ауылға да неге бөлмейді?

    Қаржының бәрін қалаға бөле бермей, ауылға да неге бөлмейді?

3 күн бойы қармен алысып мұрнымызға су жетпей жатыр. Ондаған техника, жүздеген адам күні-түні алысып әйтеуір көшелерді қардан тазаладық. Көшелер қардан таза. Бірақ сонда да күн сайын тазалаймыз. Таңғы 5-те тұрып аялдамаларды, тротуарларды тазалаймыз. Кейде еріккеннің ісін істеп жүрген жоқпыз ба деп ойлап қоямын. Алыс ауылдарға жол жоқ. Апталап жол болмай қалатын кездер болады. Қар аршитын техника жоқ. Техниканың бәрі қалада. Су жаңа тракторлар артына сыпырғыш байлап алып көше сыпырып жүр. Қаланың көшелерін қардан тазалау үшін миллиардтаған қаржы бөлініп, толып жатқан фирмалар тендерге қатысады. Қаржының бәрін қалаға бөле бермей, ауылға да неге бөлмейді. Аудан орталығына қатынайтын жолды кім тазалайды. Ешкім тазаламайды. Ауыл ешкімге керек емес сияқты. Ауылдың көшесін ешкім тазаламайды. Оқушылар омбы қарға белшесінен батып мектепке барады. Анда-санда қырық жылғы К-700 трокторы келіп аудан орталығына жол аршып кететіні бар. Неге ауылдарды қардан тазалау үшін қаржы бөлініп тендер өткізілмейді. Аудан орталығында ауылдарға жол аршумен айналысатын фирма болуы керек қой. Баяғыда қыстың күні аудан орталығына жете алмай далада қалғанымыз бар. Аудандық төтенше жағдайлар департементіне хабарласқанда бізге бөлінген ақша біткен, бюджеттен ақша бөлінген жоқ деген жауап алғанбыз. Баспасөз арқылы хабарлап айтқанбыз жолға шықпаңдар деп дейді. Баспасөзінің түрі айына бір шығатын аудандық газет. Оны кім оқиды. Бөлінген қаржыны не істеп бітіргендерін Құдай білсін. Бір өрт сөндіргенін көрмеппін солардың. Айтқым келгені ауылдарға да көңіл бөлсе дегенім ғой. Қаланың адамдарының тастаған қоқысына дейін біреу тазалау керек. Үйінде сиіп-ты..ып жататын қаланың халқына барлық жағдай жасалған әйтеуір.

Әрине қар тазалағаным үшін маған айлық төлейді ғой. Аялдама тазалап ақша алып қарын тойдырғаныма мәз болатындардың қатарынан емеспін. Мынау еріккен техникаларды жолын қар басып қалған ауылға жіберсе ғой деп ауылды ойлап кете беремін.

Мынау баяғыда жазылған ауыл туралы әзіл-шыны аралас постым еді. Шынымен ауылдарға мен айтқандай жағдай жасау керек.


***


Ауылды дамыту жоспары


Жол ережесі туралы заңды қайта қайта өзгертті ғой,біресе жарықты жағасың деді біресе жақпайсың дейді,біресе автокресло аласыңдар деді біресе алмайсыңдар деді.

Құдайға шүкір қазір ауылдарда да көлік көбейіп келеді ғой.Бірақ ауылға заң жүрмейді.Заң бәріне бірдей болғасын ауылдарда да заң орындалуы керек қой.Мысалы ауылдағы кейбір мәшинелерде дәкімент жоқ.Автокресло тұрмақ кейбіреуінде орындықта жоқ,жарығы күндіз жанбақ түгілі түнде де жанбайтын жарығы істемейтін мәшинелер бар.Оларды ешкім қадағалап жатқан жоқ.Меніңше бәрін ауылдан бастау керек ауылда жол ережесі дегенді естімеген балалар қалаға келіп мәшине айдайды,жол ережесін бұзатындар ауылдан қалаға келетін адамдар.Ауылдың көшелеріне де светафор орнатып пешоход сызылуы керек жол белгілерін де орнату керек Бензин сататын Ауған Еркіннің үйінің тұсына запрапкінің белгісін,Әкиматтың,дүкеннің тұсына көлік тұрағы деген белгі орнату керек. Кейбір ауқатты қонақ күте алады ау деген үйлердің тұсына Қонақ үй деген белгі орнату керек.Сонда сырттан келгендер сол үйге түсіп шәй ішіп шәйдің ақшасын төлеп кетер еді.Көшеге светафор орнатылып пешоход сызылса жүргізушілер жол салынуын талап етеді,өйткені құмы бұрқырап жатқан көшеге пешоход сыза алмайсың.Сфетафор орнатылды деген сөз көшеге асфальт төселеді деген сөз.Екіншіден ауылдықтар қоқысты кез келген жерге тастайды.Қаладағыдай қоқыс контейлерін қою керек ауыл көшелеріне.Сонда ауылда да Коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер құрылып ауылдың біраз адамдарына жұмыс табылар еді.Үшіншіден ауылда да тәуелсіз Ақпарат құралдары болуы керек.Әйтпесе әкімнің не бітіріп жатқанын білмейсің.Ауылдан газет журнал шықса ауылдағы біраз таланттардың бағы ашылар еді.Төртіншіден ауылға банктерді апару керек.Ақша керек болғанда банктен жүгіріп барып 5 мың теңге ала қоясың.Мал сатқанда қайтарасың ғой ақшасын.Және кейбір еті тірі ауыл адамдары несие алып жеке істерін ашар еді.Бесіншіден университет ашу керек әр ауылдан.Сонда ауылдан қалаға барған қазақтар қара жұмысшы емес жоғары білімді болып барады.


Пысы.Міне көрдіңіздер ме ауылды дамыту оп оңай.

Ауыл әкімі болсаңыздар не істер едіңіздер?


Дәулет Серікбай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1058    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.12.2017, 13:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31