Сен тұр - мен айтайын!

Қашанғы өткен империяның қаңсығымен мақтанамыз, ағалар-ау?

  • Қашанғы өткен империяның қаңсығымен мақтанамыз, ағалар-ау?

    Қашанғы өткен империяның қаңсығымен мақтанамыз, ағалар-ау?

Алматыға алғаш келген жылдары көрші үйде жасы алпысты алқымдап қалған бір қазақ аға тұрды. Қазір тірі ме, жоқ па, білмеймін. Коммунистік партияның қатарына өтпеген, өмірі комсомол болып қана келе жатқан адамға ұқсайтын. Өзі де мәңгі комсомол екенін қайталап айтып жүреді. Жұмысына сондай тиянақты. Жүріс-тұрысынан комсомолдықтардың алымы, принціпшілдігі, әр нәрсенің ұсақ-түйегіне дейін тақылдап тұрып сұрайтын мінезі байқалып тұрады. Темекіні көп тартатын. Кейде сыртқа шыққанда қасына отырып аламын да, әңгімесін тыңдаймын. Өткен өмірін, сәветтік жүйенің «жетістігін», жақсы жақтарын жыр қып айтады. Сол мінез маңдайына жазылған, өмірден солай болып өтетін обреченный адамдай болып (обреченный адамдар екені өтірік емес қой!) көрінетін маған ол. Сөз жоқ, комсомол, пионер, октябрят ұйымдары – сол кездегі жүйені бір рамкада ұстап тұрған, адамдарды әдепке, тәртіпке үйреткен моральдық фундамент болды. Бірақ олар түптеп келгенде қазақты қынадай қырған, мәңгүрттеген идеологияға қызмет етті. Осындағы бір ағамыз да сұқбатында комсомолдың осындай жақсы жақтары болғанын, алашордалықтардың емес, комсомолдың 100 жылдығын атап өткені де содан, олардың сол мектепке деген құрметі болды деген сыңайда сарнапты. Былай қарасаң, бәрі дұрыс секілді. Бірақ олардың сол ескі тәртіппен келе жатқаны, өздерінің өскелең ұрпақты тәрбиелейтін сондай бір мектеп қалыптастыра алмағаны – сол бұрынғысын бұлдап жүргендей болып көрінетін баяғы комсомолдардың кемшілігі екенін де ашық айту керек. Өздері соған балама болатын бір ұйым құра алмады да, жаңа жол, жаңа сүрлеу салатын уақыты болса да, әлі сол баяғы мақаммен сарнап, әлі сол әбден тапталып қалған ескі сүрлеумен келе жатыр. Қашанғы өткен империяның қаңсығымен мақтанамыз, ағалар-ау? Сәвет Одағы кезіндегі кез келген ұйымды ақтап алуға да, құрметтеуге де болмайды. Өзіміз одан да асып кеткен бір керемет мектеп қалыптастырып, сонымен салыстыра қарайтын жаңа жүйе құрсақ бірсәрі, қай жерімізбен мақтанамыз? Бұл – мақтан емес, соған балама болатындай ешқандай жаңа жүйе жасай алмаған сол ұрпақтың (комсомолдардың) дүмшелігі, шарасыздығы ғана!


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 461    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.10.2018, 12:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30