Сен тұр - мен айтайын!

Қатты қиналып, тығырыққа тірелгенде мына 4 қадамды жасап көріңіз

  • Қатты қиналып, тығырыққа тірелгенде мына 4 қадамды жасап көріңіз

    Қатты қиналып, тығырыққа тірелгенде мына 4 қадамды жасап көріңіз

Қатты қиналып, тығырыққа тірелгенде не істеу керек? Кез келген адамның басында шығатын жол табылмай, еңсең түсіп, өмір осымен біткендей болатын кездері болады. Сол жағдайда не істеу керек?

Ондай жағдайға түскенде мына 4 қадамды жасап көріңіз. Төмендегі қадамдарды қағаз қалам алып, не компьютерге жазып шығыңыз.


№1 қадам –

1. 1. Мен не жайлы уайымдап отырмын

(Мен неден қорқып отырмын)

Мысалы

Жақында қысқарту болып, мені жұмыстан шығарып тастауы мүмкін. Менің от басым ақшасыз қалады


№ 2 Елестету: Не болуы мүмкін


Осы тығырыққа жеткенде ең жаман болғанда не болатынын көз алдыңа елестетіп көр. Адамдардың үн -жұрғасының түсіп, уайымға беріліп кетуінің басты себебі ҚОРҚЫНЫШ. Көп жағдайда бізді қандай жағдайға басымызға келетінінен емес, сол туралы ой қорқытады. Өзімізге өзіміз қоюлатып, жан шошытар жағдайды көз алдымызға елестетіп аламыз да отырамыз. Шындығында осылай отыра бергеннен жағдай әлдеқайда жаман бола түседі, ал бір іс- қимыл жасасаңыз көп жеңілдеп қалуы мүмкін


Мысалы:

Кредитті жаба алмай жатырсыз, сіздің мүлкіңізді, көлігіңізді тартып алуым мүмкін. Бірақ ешкім сол үшін сізді түрмеге қамап, өлтіріп тастамайды ғой? «Все что нас не убивает, делает нас сильнее.» «Бізді өлтірменеген нәрселердің бәрі бізді шынықтырады»! Амансыз, бостандықтасыз. Қимылдасаңыз бір амалын табылады

Осы сияқты мыңдаған жағдайды жазып шығуға болады.


№3 қадам – Ойлану: Не істей аламын?


1. 2. Осыдан құтылу үшін не істей аламын. (Осы жағдайдан шығу үшін не істей аламын)


Бұл үшін жақсылап тұрып, қобалжымай қағазды алып алып ойланып, не істесем болады, соңынан не болуы мүмкін деген кемінде 4-5 нұсқа (вариант) жазып шығу керек.


А) Ыңғайын тауып басшымен сөйлесуім керек.

Нәтиже: Бірақ ол мені түсінбей, ұрсысып қалуымыз мүмкін

Б) Жұмыс іздейтін сайттарға хабарландыру беремін.

Нәтиже: Ол хабарландыру бойынша жұмыс табылғанша мені пәтерден қуып шығуы мүмкін

В ) Жұмыстан қашан қысқарып қаламын деп тосып отырмай басқа бір мамандықты игере бастауым керек.

Нәтиже: Қандай мамандық қазір сұранысқа ие екенін біліп, соны меңгеріп алсам, жұмыс табылып қалатынына дау жоқ.

№4 қадам: Уайымды қойып іске кірісу


Шешім қабылдап алған соң, оның нәтижесі қалай болады деп уайымдауды қойып, бірден соны орындауға кірісіп кетіңіз..

Проблеманы ойлап, қайғыра берсеңіз уайымғ қайғы басып, еңсеңіз түсе береді, түсе береді. Ары қарай ойланып, толғанудың тек зиян әкелетін кезі келеді. Арт жаққа қарамай, тәуекелге бел буатын кез бар.

Сары уайымға салына берген адам түбі ауру болады

Тәуекел түбі жел қайық, мінесің де өтесің дейді дана Қазақ халқы.


Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4309    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.06.2018, 11:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30