Сен тұр - мен айтайын!

Қатын бастаған төбелес оңбайды, сондықтан қатынды сабау керек

  • Қатын бастаған төбелес оңбайды, сондықтан қатынды сабау керек

    Қатын бастаған төбелес оңбайды, сондықтан қатынды сабау керек

Астана да бірін-бірі елеп, ескеріп қонаққа шақыратын көрші аз, өйткені бір ай бір үйді жалдайсың, келесі ай басқа үйді жалдайсың. Танымайтын көршілер бірін- бірі елеусіз қалдырады сондықтан. Менің жақында жаңадан көшіп келген көршім бар, адал еңбек пен күнелткен, адал еңбегінің жемісін жеген. Ол көршінің үйіне анда- санда барып тұратыным бар. Бүгін үйіне жетіп барсам қатынын сабап жатыр.


-Қолыңды қамшыдай сермеп қатыныңды неге сонша сойып жатырсың- дедім араша түсе жүріп. Ол жауап бермей тағы ұра бастады. Қатынының бетіне қарадым. Таяқ жеген сайын таяқтан ләззат алатындай, әлде бір нұрлы арманның нұрлы саулесіне ынтыға қарап қалған. Күйеуінің жұдырығы сойылдай тисе де, жәйлау үстін басқан соқыр түманның ішінде адасып жүргендей, екі көзі жанып, көңіл дені басқаға ауып кеткен. Әлде біреуді сағынғандай, сағынышы иірген жіптей молайып өзін барған сайын орап, жоқ қылып бара жатқандай. Жүрегі жанып, сол жүректі жандырған жанмен бірге суға салсаң күліп тұрып бататындай. Қол,иығын қалтыратқан сол адамды көрсе жүрегі қатты қуаныштан жарылатындай. Екі көзі жасаурағаны болмаса, күйеуінің ұрғанынан қаймығып, майысатын емес. Ғашықтық жүрегіңе өрт түсірсе, ес тоқтатпаған сабидей есіңнен айырыласың. Мына сұлу қатын есінен айырылған, тоқпақтай күйеуінің жұдырығы тиген сайын, жүрегі қатты соғып,біреуді қатты сағынатындай сезілді маған. Күйеуінің сырғауылдай ұзын қолдары бетіне қатты тиген сайын, есеңгірегеннің орнына күйік шалған жүрегі одан арман дерттеніп күйе түсетіндей… Күйеуі сырғауылдай ұзын қолдары мен мақпал шаштарынан ұстағанда, айнала дүниені аңғара алмай аспанда қалықтап ұшып жүрген шығар. Күйеуі сырғауылдай ұзын қолдары мен саусағының ұшынан ұстағанда, өңі сүрланып жүрегі дір еткен шығар... Кім білсін бұл қатынның бүл жігітке махаббаты кезінде ерек болған шығар.

-Қатын бастаған төбелес оңбайды, сондықтан қатынды сабау керек- деді ол. Қатынын ұрып шаршаған болар бір уақытта. Қатынының ынта- пейілі басқа жігітке ауған, сол жігіт пен төбелескенде көршім оңбай таяқ жеген. Екеуінің арасына от тастап, бұл төбелесті бастаған қатыны. Көршімнің қатын бастаған төбелес оңбайды деуінің мәнісі сол. Қатынының жүрегін жаулаған жігіт пен төбелесіп оңбай таяқ жеген Астаналық көршімді не айптарымды, не құптарымды білмей дал болдым.


Женисхан Асылханулы

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1714    Пікірлер: 0

жұма, 13.04.2018, 16:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31