Сен тұр - мен айтайын!

Қай шеше қалжасын жеп, сорпасын ішіп, балбырап, жас нәрестенің тәтті исіне балқып, үйде отырғысы келмейді

  • Қай шеше қалжасын жеп, сорпасын ішіп, балбырап, жас нәрестенің тәтті исіне балқып, үйде отырғысы келмейді

    Қай шеше қалжасын жеп, сорпасын ішіп, балбырап, жас нәрестенің тәтті исіне балқып, үйде отырғысы келмейді

Бақыт! Өрттен қаза болған ең кішкентай 3 айлық нәрестенің есімін қоярда ата-анасы бармақтай бақ сұрап, ырымдаған болар. Әттең, әттең!

Амал нешік. Оқиғаны естігелі жанымды қояр жер таппадым. Ата-анасына қандай қиын екенін ойлауға миым жетпейді, болжай да алмаймын.


Кеше ғана дүниеге келген баланы небәрі 12 жасар үлкеніне тапсырып, жұмысқа кеткен ананы жазғыра алмаймын. Қай шеше қалжасын жеп, сорпасын ішіп, балбырап, жас нәрестенің тәтті исіне балқып, үйде отырғысы келмейді. Жағдай болса.

Жағдай демекші, орман орысымыз одан әрі өсу үшін әр балаға ана капиталы ретінде 2 миллион 600 мыңға жуық ақша төлейді. Жәрдемақыдан бөлек!


Ал бізде ше? Аса қадырменді Үкімет үшін 4 бала көп бала емес! Өткен жылдан бері 4 балалы болған отбасылар ай сайынғы 9 мың теңгеден қағылды.

Бақандай 9000, Карл! 90 мың емес, 900 мың түсімізге де кірмейді.


Ұмытып барады екенмін, біздің Үкімет аналарға 3 жыл декреттік демалыс беретін жақсылығы бар екен ғой. Бірақ соны пайдалана алмай жүрміз. Жасқа толар- толмас ең жақсысы ата-әжесіне жіберіп, болмаса няня жалдап, жұмысқа шығып жатқан ана қаншама?!

Билік 500 000 табатын, тіпті Үкіметтен миллион алатын көпбалалы отбасылар бар деген өз ертегісіне өзі сеніп отырғанда тағы бір ана баласын алдымен Алла, сосын няняға тапсырып, жұмысына кетіп бара жатады. Қайтсін енді, өмір солай. Біздің елде. 




Көрілген: 487    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.02.2019, 00:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Ақпан, 10:24
    Біз өзі қызықпыз...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28