Сен тұр - мен айтайын!

Қайран, қысқартылған сынып, жабылған мектеп, тозған ауылым-ай..

  • Қайран, қысқартылған сынып, жабылған мектеп, тозған ауылым-ай..

    Қайран, қысқартылған сынып, жабылған мектеп, тозған ауылым-ай..

Ауыл, сол баяғы ауылдың мәселесі!


"Ауылға жағдай жаcау керек" дейміз ғой. Бірақ іс жүзінде бәрі керісінше. Бір ғана мысал. Ауыл мектептерінің бір шамасы және сол мектеп сыныптарының көбісі бала санының жоқтығынан жабылып жатыр. Мектеп, мектептегі сынып жабылған соң ата-ана, баласын аудан орталығына немесе қалаға оқуға беруге мәжбүр болады. Баласының шалғайда оқып жатқанына бір-екі ай немесе жыл шыдар, артынша "бүйтіп білім алғаны бар болсын, оданда баламызға да өзімізге де дұрыс болады" деп ауылдан көшіп тынады. Сөйтіп бала соңынан кеткен ата-ананың қарасы көбейіп, ақыр соңында ауыл ғайып болады. Және де жұмыссыз қалған ұстаз, ол енді ауылда не істейді?! Сыныбы, қызмет орны жабылған соң ол да не ауданға не қалаға кетеді. Ал, ауыл болса құрығанның үстіне құри береді. Сонда ауылға жағдай жасағанымыз қане?! Осындай дүниелер ауылдың көркейуіне кері әсер етпегенде қайтеді?! Аудан орталығы мен қалаға қатынайтын тозған жолдың мәселесі тағы бар. Қауіпсіздік және өрт сөндіру құралдары мен мамандардың жетіспеушілігі, тіпті кей тұстарда жоқтығы және бар! Маман қайдан болсын мектеп жабылып жатқан соң!? Осы ауылдық мектепке басқаша бір жүйе жасап, жеңілдік беру керек-ау!? "Міндетті түрде бір сыныпта 20-25 бала болу керек" дегенді тап осы ауыл мектептеріне қолдану керек емес! Бір сыныпта 8-9 бала оқыса оқысын! Несі бар?! Ауыл мектептерінің жағдайы қала мен аудан орталығындағы мектептердей емес. Ауылда толық жөндеу тұрмақ жартылай жөндеуді де көрмеген мектептер қаншама. Соңғы заманауи технология бойынша жабдықталмақ түгілі жаңа парта мен орындыққа зәру мектеп жетіп артылады. Ауыл тұрғындарының баласы мемлекеттің қамқорлығымен жеңілдігін су жаңа мектепте оқымаса да "бір сыныпта 8-9 бала оқуға болады" деген сыңайда көруге хақысы бар шығар?!

Қайран қысқартылған сынып, жабылған мектеп, тозған ауылым-ай..


Erlan Ryskali

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1164    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 07.09.2017, 12:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30