Сен тұр - мен айтайын!

Қайта-қайта "әке атандырып, ана атандырып", қанды ішіп біттіңдер ...

  • Қайта-қайта

    Қайта-қайта "әке атандырып, ана атандырып", қанды ішіп біттіңдер ...

"Ринат Зайтов бесінші мәрте әке атанды" деп жазыпты бір сайт. (Бір емес бірнеше сайт сөйтіп жазған шығар?!) Осы жексұрын сөзді қайдан тауып алдыңдар а? Осындай бір оңбаған тіркестердің, тақырыптардың бәрі сайттардан шығады бар ғой! Әкем-ау, ол тұңғыш перзенті дүниеге келген кезде әке атанып қойған! Бітті! Кез-келген адам тұңғыш рет балалы болғанда "әке" немесе "ана" деген атқа ие болады. Сосын бітті. Ол атаудың саған жабысқаны жабысқан! Жалпы қазақ баланың санын да айқайлап айта бермеген ғой. Ал енді, әгәрәки, тегі қатты айтқың кеп бара жатса, "Пәленнің келіншегі бесінші сәбиін дүниеге әкелді" дей сал! Өйтіп айтқанға айызың қанбай, елдің құлағын елең еткізгің кеп өліп бара жатсаң, "Пәленнің қатыны шекесі торсықтай ұл тапты!" дегін. Онда тұрған түк жоқ! Осындай сауатсыз, қазақша түсінікке мүлде жат тақырып қойғаннан "Пәленнің үйіндегі келін бесінші баласын туды" дей салған мың есе артық. Әйтпесе қазақтан сөз артылған ба?! "Пәленнің үйіндегі жеңгеміз тағы бір кесте тігерді дүниеге әкелді" деуге болады ғой. Егер қыз тапса, әрине. Немесе айқайлатып, заманауи тақырып қойғыңыз кеп бара жатса, "...тағы бір кірпік жапсырғыш дүниеге келді!" дей салыңыз! Әзіл ойбай! Ертең тағы біреуің өстіп жазып жүрмеңдер!)))) "Пәленннің отбасында үш қыздан кейін бір атұстар дүниге келді" деген қандай әдемі мысалы! Обшым қайта-қайта "әке атандырып, ана атандырып", қанды ішіп біттіңдер, сайттар!


Жанар Оразымбет

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4891    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.03.2018, 16:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31