Сен тұр - мен айтайын!

Қаза болған үйде отырып алып бәдігін сапырып әнгімелесу, тіптен сорақылық

  • Қаза болған үйде отырып алып бәдігін сапырып әнгімелесу, тіптен сорақылық

    Қаза болған үйде отырып алып бәдігін сапырып әнгімелесу, тіптен сорақылық

Қайбір күні жасы тоқсанға келген ауылдас әжей қайтыс болды. Апаның үйіне кіріп, қатарда тұрған жақындарына көңіл айтып сол жерде кішкене отырып қалдық. Біз келгенде ебіл дебілі, боз бораны шығып жылап, жоқтау айтып отырған апаның жақындары әлден соң өз ара пышылдасып, бір нәрсені айтып күлісіп жатты. Адамдар келіп қалғанын көріп күлкісін саппа тыйып қайта айқайлап жылауға көшті. (Сырттай қараған адамға дайын әртіс секілді) Қатарда апаның үлкен немере қызы үнсіз егіліп тұрған болатын. Оны жанындағы егделеу әйел бір түйгіштеп қалды.

"Әй жасаған-ау дауысыңды шығарып-шығарып жоқтау айтып жыла. Ертең жұрт немересі жыламады деген сөзге қаласың. Апаңның ауырып жүргенін білесің, төрт шумақ жоқтау жаттап алсаң қайтеді" деді білгішсініп. Оны сол жердегі әйелдер де қостай жөнелді. О тоба! Сүт пісірім уақыт ішіндегі осынау көрініске көңілім түсіп, үйіме тез қайтып кеттім. #ПС Қазаның қайсысы болса да жақсы емес. Тек, жұрт сынайды екен деп құр ойбайлап, бақыра берудің қажеті шамалы сияқты . Әсіресе қаза болған үйде отырып алып бәдігін сапырып әнгімелесу, тіптен сорақылық.


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2707    Пікірлер: 0

жұма, 23.11.2018, 09:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31