Сен тұр - мен айтайын!

Қазақ бола алмағанымыз барып тұрған тарих, болашақ алдындағы қылмыс

  • Қазақ бола алмағанымыз барып тұрған тарих, болашақ алдындағы қылмыс

    Қазақ бола алмағанымыз барып тұрған тарих, болашақ алдындағы қылмыс

Өз басым Алаш арыстарының Жапонияға неге еліктегенін жақсы түсінем. Заманында батысқа берілмеген жалғыз азиялық ел болған, орысты жеңген.

Сондықтан болар, осы ел туралы көп оқыдым, іздендім.

Оқыған сайын, тарихы мен мәдениетін түсіне бастаған сайын осы ел мен қоғамға еліктеуге қарсы бола бастадым.

Біздің білетініміз Жапонның пиары, экспортқа шығарған өнімі.

Әлеуметтік дамуында жүздеген күрделі проблемасы бар ел. Бұл проблемалар сол халық мәдениеті мен пайымынан пайда болғанын ескерсек, оған өле-тала еліктеудің қажеті бар ма?

Қазақтың өз салт-дәстүрі, жөн-жоралғысы жапонды он орап алатын жерлері бар. Жапоннан технология алуға болар, дәстүрді жаңарту тұрғысынан үйренуге болар. Бірақ еліктеп, далақтайтын ел емес. Бір ғана мысалы, бүгінгі жапон теледидарының сиқын қараңыз!

Өзгеге еліктеп жапон бола алмасымыз анық. Бірақ қазақ бола алмағанымыз барып тұрған тарих, болашақ алдындағы қылмыс. Кешегі бір оқылған мақалаға қатысты ойым.


Aidos Sarym

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 715    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.09.2018, 09:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31