Сен тұр - мен айтайын!

Қазақ болып қалғымыз келеді-мыс...

  • Қазақ болып қалғымыз келеді-мыс...

    Қазақ болып қалғымыз келеді-мыс...

Үрімжіде бір кафеде тамақтанып отырғанда үш ұйғырдың дауына куә болдым. Аспаз ұйғыр тамақтанып отырған екі ұйғырмен дауласып отыр екен. Олардың әңгіме ауанын мен сол кезде шала - шарпы түсіндім, бірақ кейін қасымдағы жолдасым олардың айтысын маған дәлме - дәл аударып бергенде, мен қатты ойланып қалдым.

Аспаз ұйғыр дәмхананы басына көтеріп "ұлт - пұлт деген қырт әңгіме, ұлтшылдық деген еуропалықтар ойлап тапқан сандырақ, адамзаттың бәрі бірдей, мына сендердің қытайдан қай жерлерің артық" деп даурықты. Оған ауқаттанып отырған ұйғырлар, "ұлт деген тіліміз, ұлт деген түріміз, дініміз, салтымыз" деп күбірлейді. Жалпы, Қытайда аспаздыкіндей сөз айтқан кісілердің дауысы жарқын шығады да, оған дау айтқан адамдардыкі бәсең боп келеді. Бұндай әңгіме айту ол жақта қауіпті.

Аспаз ұйғыр мен оның оппоненттері сөйтіп жарты сағат дауласты, аспаз ақыры өз пікірінен қайтпады, "мен үшін ұлт деген жуңго халқы, біз бәріміз бірдейміз, басқаша ұлт - пұлт деген оттаған әңгіме" деп бір - ақ кесті. Әлгі екі ұйғыр бұның бетін бері қаратпасын білгесін үндемей отырып қалды. Мен бұл екеуінің жүзінен "бұл дәл біз айтатын сөз ба еді" деген күйзелісті көрдім.

Расында соңғы кезде қытай қоғамы қаттты ұлтшылданып кетті. Олардың бұндай ұлтшылдығынан өзге ұлттар әбден запы болды. Олардың атақты ұлтшыл жазушылары Лу Шунның орыны қазір пайғамбар дәрежесіне жетті. Білетіндердің айтуынша қытайдың алғаш ұлттық сана сезімін оятып қытай қоғамында ұлттық көзқарас қалыптастырған сол Лу Шун болады екен. Және осы қытайландыруымен қатар, бұл қытай өкіметі "біз 56 шоқ гүлміз, (қытайдағы 56 ұлт) біз бәріміз теңбіз" деген алдамшы саясат ұстанып отыр. Соны әлгі аспаз ұйғыр қағып алып кафеде былдырлап жүрген түрі. Әйтпесе бәрі қытаймен тең болса, қытайға өз қытайландыру саясатын өзгеге таңып несі бар, қытай неге ұйғыр болмайды?.

Қытайлар қазір өзге ұлттардың мектептеріне ауыз салды, қазір мектептер ол жақта аралас мектеп болды. Қытай өкіметі мектепке ауыз салғасын, ол жақтағы қазақ бері қарай жөңкіле көшті. "Қазақ болып қалғымыз келеді мыс". Басқасынан айырылғанда тырп етпеген қазақ, қытай, мектепке жеткенде, астынан су шыққандай болды. (Олардың барлық зиялысы бергі жаққа көшіп алды.) Ал мектеп деген нәрсе жаңа ұлт жасап шығарудың керемет құралы. Бұны біздің мәлтікбастар білмесе де ежелгі империялар Ресей мен Қытай өте жақсы меңгерген, бұл екеуі оны қатырады.

Бір кезде қазақ даласындағы Балғожа биге орыс зеңбірегі келсе, оның немересі Ыбырайға зеңбіректің артынан іле шала орыс школасы келген еді.

Көршіміз орыс та өзінің "русский мирімен" әлемді әбден мезі қылды. Путин өзінің ең басты орыс ұлтшылы екенін мінберден ашық айтып жүр. Оның айналасы толған орыс ұлтшылдары, Ресейдегі Рогозин, Володин, Жириновский сынды үлкен қызметте отырған адамдар - кәдімгі орыстың "отмороженный" ұлтшылдары. Ресей өлкелеріндегі орыстандыру қазір қайта жалғасуда, татар, башқұрт, кавказдар өз тілдерінің аясын сақтап қалу үшін тек қана әлсіз қарсылық танытқаннан басқа ештеңе істей алмай отыр. Жалпы, Қытай мен Орыстың қатты ұлттанып жатқанына мысал келтіріп тізе берсем оған мысал өте көп, ол том - том кітап болады.

Біздің айналамыз осындай жағдайда отырғанда, біздің толеранттығымыз, көпұлттылығымыз, ұлтсызданып мәңгүрттенуіміз, казахстанизациямыз, жалпы бүгінгі саясатымыз біз үшін қаншалықты орынды, біз келешекте екі бүйірден төнген қауіпке жауап ретінде немізді қарсы қоя аламыз, біздің ұлтшылдық қайда жалпы? деген сұрақтар мазалайды мені. Сіз не дейсіз оқырман?


facebook.com




Көрілген: 645    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.01.2019, 10:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31