Сен тұр - мен айтайын!

Қазақ жігіттері өз қыздары үшін Совет әскеріне де қарсы тұрған

  • Қазақ жігіттері өз қыздары үшін Совет әскеріне де қарсы тұрған

    Қазақ жігіттері өз қыздары үшін Совет әскеріне де қарсы тұрған

Соңғы кезде осы фейсбук беттерінде "қазақ жігіттерінде намыс жоқ, қыздарымыздың абыройын қорғамайды" деген сөздер көбейіп кетті. Қазақ жігіттерінің алдында мойнымда қарыз кетпесін, мен осыған бірер ауыз сөзімді қоса кетейін. Жалпы бұл сөз - ойланбай айтылған сөз болса керек. Меніңше, жер бетінде өз қыздарының ар - намысы үшін өре түрегелетін санаулы халық болса, соның бірі осы қазақ жігіттері. Қашан көрсең де осылар шапқылайды да жүреді. Атырауда, (түріктермен жанжал), Алматыда (қытайлармен қақтығыс), Шымда, (тәжіктермен), ал бізде тіпті кезінде 80 жылдары, Ақмола қаласында қазақтар бір район сығандарды аяусыз соққыға жығып бір күнде көшіріп жіберген екен. "Ол сығандар қазақ қызын қорлаған мыс".

Тіпті, қазіргі желтоқсаншылардан "сонау "желтоқсан оқиғасы" кезінде қақтығыс неден басталды" деп сұрасаңыз, олар бірауыздан "солдаттар қазақ қыздарын ұрып - соға бастаған еді" деп жауап береді. Сонда қазақ жігіті өз қыздары үшін әлемді сұраған Совет әскерінен де қаймықпай оған қарсы тұрған екен. Осындай тағы да басқа көптеген жанжалдардың астарында бізде қазақ қыздары тұрады. Және ол намысты қандай жігіт қорғап жүр дейсіз ғой.

Басқасын қайдам, бірақ тап осы қазақ жігіті дегеннің кім екенін жаһанның төбелесқор жігіттерінің бәрі таниды. Бокстан қазақ құрамасының жер шары бойынша үздіктер қатарында екені де белгілі. Ана халықаралық турниларға Қазақстан құрамасы келсе Қытай, Үндістан деген миллиардтан аса тұрғындары бар елдер қазақ жігіттеріне қарсылас таппай қор болатын көрінеді. Мыналар сосын барады да, оларды ұрып - соғып алтындарын саудыратып елге әкеп жатады әйтеуір. Және бұлар төбелестің бұл түрінен үш миллиард халық тұратын құрлықта (Азия) ешкімді менсінбей, кейін әлемдік деңгейге кетіп жатады. Басқасы әзірше қолымыздан келмесе де, дәл осы ұрып - соғу қолдан келеді, ол сонау заманнан бері, генетикалық түрде, қанымызда болу керек - жұртты шауып кету, қырып кету деген нәрсе.

Шыны керек, осындай жуан жұдырықты қазақ жігіттерінің қорғауында еркелеп, бұлаңдап өскен қазақ қыздары әлемдегі ең бақытты қыздар ғой шіркін.

P.S. Бүгін мақтанғым келіп тұр, реніш болмасын.


Олжас Әбіл

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1631    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.05.2018, 14:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30