Сен тұр - мен айтайын!

Қазақ қазір не іздеп жүргенін өзі де аса аңғармайды

  • Қазақ қазір не іздеп жүргенін өзі де аса аңғармайды

    Қазақ қазір не іздеп жүргенін өзі де аса аңғармайды

Лайк алтау, пікір екеу


Өзгеше болатынына сенімсіз едік. Өйткені қазақ қазір не іздеп жүргенін өзі де аса аңғармайды. Құмарды қайдан басатынын да анық ойламайды. Анығы қазір қазақ өзгеріске ұшырау барысында...

Олай дейтінім, ауылға барғанда шидің үстіндегі құртты көрмеймін. Келіні түйетін келінді де емге таба алмайсың. Мал жайлайтындардың саны кеміп келеді. Мал басы өсті ғой, малға қарайтындарды айтамыз. Қаймақпен күрең шайды ішетіндер азайды. Шоқтың үстіндегі шәйнектен токтың үстіндегі шәйнек көбейді. Шешелеріміз ұлттық тағамның түр-түрін ұсынушы еді. Қазір еттің сүрі екі үйдің бірінен табыла салмайды.

Олай ойлауға негіз көп. Қазақ әннің кетеуі кеткенін тыңдайтын болды. Тыңдай жүріп билейтін, билей жүріп тыңдайтын күйге түсті. Жаһандану? Мүмкін. Мәдениеттің алға басқаны? Жоқ, керісінше кері кеткені.

Қазақ өсекке жақын жүр. Жоқтан өзгені қазады. Боқтан өзгені жазып болды. Таласбек киносында Біржанға былай дегізеді: «Қазақ қартайыпты ғой». Қандай қатал шешім! Еріксіз, мәжбүрліктен барып отыр. Мәжбүр еткен өзіміз!

Қазақ даладан дана емес, бала іздеді.

Қазақ қазақты танудан қалып барады. Қазақ қазақты мойындаудан кетіп барады.

Қызық болды. Қызық емес-ау, шыжық болды. Университетке сабақ беруді ұсынған. Өзіміз көрген ұстаздарға ұқсауға тырысып, шама келгенше дайындалдық. Аудиторияға имене еніп, шәкірттерге білгенімізді айта бастадық. Үрпейісіп, қарайды. Арада байланыс жоқ. Сөзіміз далаға кеткен секілді. Сіңбейді. Сіңдіре алмаймыз. Біздің нашарлық. Бірақ олардың да қабылдау қасиеттері кеміген екен.

Шыжық мынау: Қазақ еліндегі он мықты журналисті атаңдар дедік. Кім жоқ дейсің. Артур Платонов, Айгүлдер жүр. Азамат Сұрыпбаевты да көрдік-ау деймін. Ойлаған едік, Шер-ағаң, Сейдаңдарға дейін түсер ма екен, жоқ бұрынғы буынды жағалаумен шектеле ме деп... Оймыздың ойраны шықты. Олардың «қаймағы» өзгелер екен. «Тым болмаса Қайнар Олжай мен Нұртөре Жүсіпті қосу керек еді-ау». «А, ағай әкеңіз жаза салайық». Тезекбаев еске түсті. Сабақ берген. Біртүрлі күлетін еді. Жауап онша шықпаған сәтте. Шымшып, күледі. Күлкімен шымшитын.

«Қазақ, рухани көсемің кім?», - деген сауал тастап едік.... Лайк саны алты, пікір екіге жетіпті... Рухани жаңғырған ел емес пе... рухани көсемнің не керегі бар, ия?


Аман Сейтқанов

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 742    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.01.2018, 10:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Шілде, 17:43
    Өйткені, ол ОЛ ғой.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31